Атырау, 16 желтоқсан 18:13
Түнде бұлыңғыр болады+1, таңертең +1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 384.63  € 427.98  P 6.08

«Бірыңғай жиынтық төлем дамыған елдерде жоқ», «Ортақ валюта “елесі”: Қазақстан, Беларусь, Ресей текетіресі», «Жеті туысым лагерьде қамауда отыр», «Журфакты жабу керек пе?», «Трамп АҚШ әскері Сириядан шығатынын жариялады».

21 желтоқсан 2018 09:53

INFORMBURO.KZ. «Бірыңғай жиынтық төлем дамыған елдерде жоқ» - Мемлекет басшысы Парламент отырысында Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізуді тапсырғаны баршаға аян. БЖТ дегеніміз не? Ол қайдан шықты? Қазақстанға қолайлы ма?

«Пәтер жалдағанда алаяқтарға тап болмаудың жолдары қандай?» - Пәтер іздегенде алаяқтарға тап болмаудың жолдары туралы толығырақ төмендегі материалда айтып береміз.

AZATTYQ.ORG. «Жеті туысым лагерьде қамауда отыр» - Қытайдың Тарбағатай аймағынан Қазақстанға қоныс аударған Тілеуберді Ахметұлы мен Ақжол Рахманұлы Шыңжаңда қысым көрген жақындарының өміріне алаңдайды.

«Жастарға Рахмонды дәріптеп, оппозицияны қаралайтын фильмді көрсетті» - Желтоқсанның 19-ы күні Тәжікстанда облыс орталықтары, аудандар мен қалалардың барлығында "Марди рох" ("Жолмен жүруші" ) жаңа деректі фильмінің көрсетілімі өтті.

«Трамп АҚШ әскері Сириядан шығатынын жариялады» - АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter әлеуметтік желісінде жариялаған видеоүндеуінде Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қарсы соғыстағы "тарихи жеңістен кейін" барлық америкалық әскерилер "Отанына қайтады" деп мәлімдеді. Әскерді шығару жоспарын АҚШ Конгресінде республикашылдар да, демократтар да сынады.

QAMSHY.KZ. «Facebook-ті дүр сілкіндірген 10 оқиға: Toyota компаниясының мәрттігі» - 2018 негативке де, позитивке де толы жыл болды. Шыны керек, "адамды өлтіріп кетті, зорлап кетті, тірідей өртеніпті" деген сынды негатив жаңалықтар халықтың есінде сақталып қалады. Тіпті талқылауға дес бермес тақырыптар десек те болады. Ал сол 365 күнде әлемде қаншама жақсылықтың жасалғанына хабардарсыз ба? 2018 жыл әлемде қандай жағымды жаңалықтарымен есте қалды, әлемді сүйсінткен қандай оқиғалар орын алды, бір жылда бүкіл әлемді өзгерткен кейіпкерлер кім? Сондай оқиғалардың 10-ын тізіп көрдік.

«Ажалға аяқ басқандарды аман алып қалған ақ парақтар» - Ұлыбританиядағы Сандерленд қаласындағы Уирмут көпірі қайталанбас архитектуралық көркемділігімен бірден көзге түседі. Бұл көпірдің атағын арттырып жүрген тағы бір факт бар. Не дейсіз ғой? Өмірмен қош айтқысы келгендер осы көпірден секіргенді құп көреді екен.

ABAI.KZ. «Журфакты жабу керек пе?» - Қоғам келбетінің айнасы саналатын журналистика түгілі, журналист мамандардарды даярлау саласы да ақсап жатқаны шындық. Деректерге сүйенсек, елімізде бұл мамандыққа баулитын 29 кафедра бар көрінеді. «Көп ұстадан не пайда, бұйымы бүтін болмаса?!», - деген сөз  жыл сайын осы оқу орындарынан түлеп ұшып жатқан журналист мамандарға қарап айтылған сыңайлы.  Түлектері төртінші билік дәрежесіне жете алмай отырған саланы оқытудағы олқылықтарды сарапқа салуды жөн көрдік.

QAZAQTIMES.COM. «Ортақ валюта “елесі”: Қазақстан, Беларусь, Ресей текетіресі» -  Жақында Ресей ұлттық төлем кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ электронды валюта жүйесін енгізуді ұсынды. Ұлттық төлем кеңесінің ресми емес, ауызша ұысынысын Ресей Қаржы министрлігі бірден қолдады. Бірақ Ресей ресми органдары өздері ұсынған ұсыныстарын өздері қолдағанымен ЕАЭО-ға мүше өзге мемлекеттер қолдамады.


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

1775 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4