Атырау, 18 қаңтар 16:32
Кешке ашық-9, түнде -9
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 376.60  € 429.06  P 5.66

«Қос ақша құдайы құрлықты қайта бөліспек», «Қытай басшысы: Ешкімнің де Қытайға жөн сілтеуге құқығы жоқ», «Голландияның символы – қызғалдақтың нағыз Отаны Қазақстан екенін білдіңіз бе?», «Президент Сооронбай Жээнбековтің алғашқы баспасөз мәслихаты».

20 желтоқсан 2018 10:13

AZATTYQ.ORG. «Оралда 135 жылдық ескі ғимаратқа қатысты дау шықты» - Оралда тарихи ескерткіш деп танылған, жергілікті сәулет өнері үшін маңызды ғимарат сүрілуі мүмкін. Қалалық тұрғын үй коммуналды шаруашылық өкілдері ғимараттың құлауға әзер тұрғанын айтса, олармен келісетін де, келіспейтін де тұрғындар бар. Кейбір азаматтар "үйдің іргетасы берік, тұруға жарамды" деп санайды.

«Президент Сооронбай Жээнбековтің алғашқы баспасөз мәслихаты» - Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков осы қызметтегі алғашқы баспасөз мәслихатында "президент сайлауы кезінде төленген ақша" дауы, биліктегі туыстары, өзін "сатқын" атайтындар мен экс-президент Алмазбек Атамбаев жайлы, елде түрмеде отырған саясаткерлердің ісі, Шыңжаңдағы этникалық қырғыздар мәселесі туралы және өзге де сауалдарға жауап берді.

QAMSHY.KZ. «Қос ақша құдайы құрлықты қайта бөліспек» - Құрлығымыз – осы біз өмір сүріп отырған жер планетасы, ал қос ақша құдайы – Ротшилтдтер мен Рокфеллерлер әулеті. Әлемді негізінен екі жүз жылдан бері осы екі әулет уысында ұстап отыр  десек те болады. Алдыңғысы – Еуропадан, соңғысы – АҚШ-тан шыққан. Қос дүниежүзілік соғысты шығарған да, Сталинді керек кезінде састырып, Гитлерді қаржыландырған да – осы әулеттер. 

«Тамырдың орнын – темір, сезімнің орнын – сотка, мейірімнің орнын – меритократия басты...» - Әлем халқы рухани, моральдық апатқа тап келді. Тамырдың орнын – темір, сезімнің орнын – сотка, мейірімнің орнын – меритократия басты...

«Голландияның символы – қызғалдақтың нағыз Отаны Қазақстан екенін білдіңіз бе?» - Туған жеріміздің табиғаты жылдың әр мезгілінде ғажап қой.  Табиғат-Ана бұл өңірге бар мейірімін төгіп, байлығы мен сұлулығын жарқырата жайып салғандай. Әсіресе көктем күшіне еніп, күн шуағы молынан төккен мамыр айында қазақ даласы қызыл-жасыл кілемдей түрленіп, ерекше сұлулыққа бөленеді.

QAZAQTIMES.COM. «Қытай басшысы: Ешкімнің де Қытайға жөн сілтеуге құқығы жоқ» -  Қытай басшысы Ши Жинпиң реформаның 40 жылдығына орай баяндама жасады. Экономиканы және меншік секторын жекешелендіру, сондай-ақ Қытайды халықаралық саудаға енгізу мәселелерін қамтыған Реформа және ашықтық саясатын 1978 жылы Қытай Мемлекеттік кеңес премьерінің орынбасары Дың Шяупиң (Дэн Сяопин) жария еткен еді. |

TURKYSTAN.KZ. «Әбілқайыр мен Бопай сұлу» - Қазақ елінің тарихында есімдері алтын әріппен жазылған батыр әйелдер болды. Ерлігі мен ақылдылығының арқасында тарихта аты қалған Бопай сұлу (Әбілқайырдың бәйбішесі, ХVІІІ ғасыр), Бопай (Кенесарының қарындасы, ХІХ ғасыр). Алдымен Бопай сұлуға тоқталуға міндеттіміз. Бопай сұлу туралы өте аз жазылды және жалған жазылды. Бопай түгілі оның жұбайы Әбілқайыр хан туралы қанша көп жазылса да, көбіне өтірігі басым болды.


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

967 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет