Атырау, 10 желтоқсан 22:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Америкалық мектеп оқушысы қатерлі ісікті жылдам анықтайтын тест ойлап тапты

2 775 просмотра

15 жастағы америкалық мектеп оқушысы Джек Эндрека ұйқы безінің қатерлі ісігін 168 есе тезірек анықтап, қазіргі таңда қолданылып жүрген құралдардан әлдеқайда арзан тест ойлап тапты.

РБК хабарлағандай, оқушы ойлап тапқан тест қан мен зәрдегі ауруды 90 пайыздық дәлдікпен анықтай алады.

Эндрека өзінің ойлап тапқан дүниесін патенттеуге құжат тапсырып қойды. Дарынды жасөспірімді дүниежүзіндегі қатерлі ісікті зерттеумен айналысатын ең ірі зертханалардың бірі – Балтимордағы Джон Хопкинс университетіне зерттеуді жалғастыру үшін шақырды. Сондай-ақ ойлап тапқан дүниесі үшін ол 75 мың доллар алды.

Айта кетейік, ұйқы безін бастапқы кезеңде анықтау әдетте қиындық туғызады. Сондықтан ауру кейінгі кезеңдерінде анықталады. Науқастарға бірқатар зерттеу түрлері тағайындалады.

Дереккөз: 1tv.kz

24 тамыз 2012, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.