Атырау, 26 сәуір 12:11
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Әміржан Қосанов: Оппозицияны құбыжық әрі қауіпті құбылыс ретінде көрсетуді қою керек», «Халық пен билік екі түрлі Қазақстанда өмір сүреді», «Доллар 345 теңгеге арзандай ма?», «Шенеуніктер "автокөлігі мен жер телімдерін жасырған"», «3353 зиялының өлімі».

2 550 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Майкл Флиннің үкімін жариялау кейінге қалды» - АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Майкл Флиннің үкімін жариялау кейінге қалды. Оның ісін қарап жатқан федералдық судья Эммет Саливан желтоқсанның 18-і күні Флиннің қорғаушыларының бұл туралы өтінішін қанағаттандырған.

«Халық пен билік екі түрлі Қазақстанда өмір сүреді» - 19 желтоқсан – Дүниежүзілік кедейлерге жәрдемдесу күні. Ресми деректерде "Қазақстанда кедейлер саны халықтың 3 пайызына жуықтайды" деп көрсетілген. Ал халықаралық ұйымдар мен сарапшылар "елдегі кедей саны бұдан әлдеқайда көп" дейді.

«Шенеуніктер "автокөлігі мен жер телімдерін жасырған"» - Қырғызстанда 141 мемлекеттік қызметкердің декларациясы Бас прокуратураға жолданды. Олар "мүлкін жасырып, жалған мәлімет берді" деген күдікке ілінген.

«Гүлнұр Идигеева: "Қиын жағдайға тап болған мигрант" ұғымын енгізу керек» - 18 желтоқсан - мигранттарды қорғау күні. Гүлнұр Идигеева қиын жағдайға тап болған еңбек мигранттарына көмектесетін "Дәріс" ақпараттық-кеңес беру орталығында жұмыс істейді. Оның айтуынша, Қазақстанда заңсыз көші-қон мен оған қатысты проблемалар, оның ішінде адам саудасы мен күштеп жұмыс істету де бар, өткір күйінде қалып отыр.

QAMSHY.KZ. «Доллар 345 теңгеге арзандай ма?» - Экономика саласын бағдарлап отырған сарапшылардың бірқатары биылғы жыл соңына қарай теңгеміз нығайып, АҚШ доллары едәуір арзандауы мүмкін екендігін айтып отыр.  Сарапшылардың пайымдауынша, АҚШ федералдық жүйесі қойған ставка нейтрал бағытқа жақындап қалды. Оның үстіне осы аптада ОПЕК мұнай өндірісін қысқарту тураы шешім қабылдамақ. 

«3353 зиялының өлімі: ажал сепкен ақ конверт» - Химиялық құрамы белгісіз ақ ұнтақтар кей-кейде конвертке салынып, пошта арқылы Қазақстанға да жетіп жатады. АҚШ елшілігінің Алматыдағы өкілдігіне де, жекелеген белгілі кісілерге де кезінде конвертпен ақ ұнтақ келіп түскен.

TARLAN.KZ «Әміржан Қосанов: Оппозицияны құбыжық әрі қауіпті құбылыс ретінде көрсетуді қою керек» - «Рухани жаңғыру» идеясы өте бір қиын кезеңде айтылып қалды. «Аш бола тоқ баламен ойнамайды» дегендей, экономикалық дағдарыс, девальвация, жаппай жұмыссыздық, қарапайым халықтың күн көріс деңгейінің күрт төмендеуі секілді факторлар рухани мәселелерді тасада қалдырып жататыны рас.

«Айбынды Алаш әскері» - Осыдан жүз жыл бұрын 1918 жылы қазақжерінде ақтар мен қызылдардың арасындағы жойқын соғыс қимылдары басталған еді. Қазақстан территориясындағы әскери қимылдардың жандана бастауынан соң тұрақты өкіметтік әскер құру мәселесі айқын бола түсті. Төніп келе жатқан қауіпкебайланысты 1918 жылдың басында жергілікті жерлерде Алашорда үкіметінің бастауымен милиция және өзін-өзі қорғау жасақтарын құру ісі белсенді түрде жүргізілді.

ABAI.KZ. «Ет өндірушілер қазақтың емес, ханзудың қамын жеп отыр ма?» - Жақында ҚР Ауылшаруашылық өнімдерін экспорттаушылар қауымдастығы Қытайға мың тонна қой етін жеткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Аталған қауымдастықтың ақпаратына сүйенсек, қараша айының соңында Қарағанды облысынан 20 тоннаға жуық қой еті Қытайға экспортталған.


19 желтоқсан 2018, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.