Le Monde деп аталатын француздық газет «тулузалық мерген» аталып кеткен Мохаммед Мераның ісін тексеріп жатқан полицейлердің бірқатар мәліметтеріне қол жеткізді. Бұған дейін Мераның әріптесі бар болуы мүмкін деген ақапарат тараған болатын.
Газеттің мәлімдеуінше, 24 жастағы Мераның әлемнің жиырма шақты елінде байланысы болған. Атап айтқанда, Египет, Маорокко, Қазақстан, Сауд Арабаиясы және т.б. полиция қызметкерлері анықтағандай, қылмыскер осы елдерге 1800-ден астам қоңырау шалған.
2010 жылдың қыркүйегінен 2011 жылдың ақпанына дейін бұрынғы механик Египеттегі, Мароккодағы, Кениядағы, Қазақстандағы, Сауд Арабиясындағы, Бутандағы және Ұлыбританиядағы таныстарына телефон арқылы хабарласқан.
Құқық қорғаушылар сонымен қатар, Мераның Египеттегі салафиттік, ультраконсервативті сунниттік мектепке барғандығын да анықтапты. Ол Таяу Шығыс пен Ауғанстанда да бой көрсеткен, деп жазады ВВС Орыс қызметі.
Le Monde газетін мысалға келтірген шенеуніктердің бірі Мераны туыстары біраз уақыт бүркелемелеп, жасырған деген пікірде. Өйткені қылмыскер анасының атына тіркелген телефон номерлерін бірнеше рет ауыстырған екен.
24 жастағы Мера ағымдағы жылдың наурызында Тулуза қаласында үш еврей баласын және олар оқитын мектептегі раввинді атып өлтірген болатын. Сондай-ақ, оның атқан оғы үш әскери қызметкерді де одүниелік қылған еді. Кейін құқық қорғаушылар Мерамен 32 сағат бойы атысып, көзін жойды.
Дереккөз: BNews.kz