Атырау, 24 қараша 19:06
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Облыс халқына ашық хат

3 888 просмотра

Атырау облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының белсенді мүшелері атынан
Соңғы күндері (20.08.12, 21.08.12) интернет сайттарда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының белсенді мүшесі, Президенттің саясатын жергілікті жерде күні кешеге дейін жүргізіп келген сенімді өкілі – Атырау облысының бұрыңғы әкімі Б.С.Рысқалиевтің атына жала жабылған мақала жарияланғаны бүкіл облыс жұртшылығын қатты алаңдатып отыр.
Бұл мақаланы қызметтен босағаннан кейін әдейі қаралау үшін, облыстағы саяси-қоғамдық тұрақтылыққа кедергі келтіріп, қазіргі мемлекеттік саясатқа қарсы, халық арасында күмән тудыру, ел арасына іріткі салу үшін жазылған мақала деп есептейміз.

Себебі Б.Рысқалиев облыс әкімі қызметін атқарған 5 жыл 9 ай ішінде оның атына бірде-бір бұрыс сөз, теріс пікір айтылған жоқ, оған халық куә. Енді уақыты жетіп, қызметін тапсырған уақытта осындай «лас саяси әрекет» кімге пайдалы болып отыр?

Азаматты қаралап, бар жасаған жұмысын жоқ етіп, тіпті ол «қамауға алынды» деген жалған ақпаратты таратушылардың мақсаты не? Көздегені қайсы? Бізге түсініксіз!
Ол елге, туған жерге, өз жұртына, жалпы республикаға, мемлекет саясатына адал қызмет етті, маңдай терін төкті. Біз оны жақсы білеміз.
«Ердің атқарған ісін айт» деген, бұл басшының тау қопарғандай жасаған ұлан-ғайыр жұмысын көрдік, оны көкірегі соқыр адам ғана көрмес. Бұл азаматты бүкіл атыраулықтар, кәрісі де, жасы да қызу қолдайды, оған еш күмән жоқ.

Облыста ұшан теңіз жұмыстар атқарылды. Естеріңізде болар, қара балшық-батпақ, ызыңдаған маса, не ауыз суы, не газы, не жылуы мен жарығы, жөнді жолы жоқ, бүкіл инфрақұрылым, әлеуметтік нысандары артта қалған, дамуы баяу өңір болатын.

Сол сұрғылт тіршілік, қараша күздей ауыр кезең келмеске кетіп, қазір бәрі іске қосылды. Осыдан артық адамға не керек!

Қаншама мектеп, денсаулық, спорт, мәдениет нысандары, тұрғын үйлер, мыңдаған шақырым жолдар, су, газ, жылу, жарық, канализация құбырлары салынды. Бүкіл коммуналдық жүйе жаңартылды.

Бүгінгі күні облыс халқына қажетті жағдайдың бәрін жасап, ел көңілінен шығып отырған осындай беделді азаматымызды қаралап отырғаны бізді қатты абыржытты. Қазір жергілікті жерде бұрыңғы басшыға жабылған жала қызу талқылауға түсіп, алаңдатушылық туғызуда. Атыраудан түк хабары жоқ, алыста отырып, осындай хабар тарататындардың бұндай көзсіз қадамдары ел ішінде қатты реніш туғызып отыр.

Сондықтан да ынтымағымыз бен бірлігімізді одан әрі нығайтып, бір мүддеге топтастыра отырып, ешбір арандатушыға, тасада тұрып тас атушыға қара ниеттіге өз жерімізді, елімізді қаралауға, даттауға, негізсіз шындыққа сай емес өсек–өтірік таратауға жол беріп қоймаймыз.

Сайлаушыларымыз, тұрғындар бұл аталғандар жала екені, келіспейтіндіктерін білдіріп, басылымға қарсы екендіктерін білдіріп, хабарласып жатыр. Сондықтан үн-түнсіз қалуды жөн көрмей, бірлесе шара қолдану қажет.

Жалпыға аян, көптеген оппозициялық көзқарастағы басылымдар жер-жерде билік басындағы басшыларды оңды-солды сынап жатады. Бірақ ел үшін еңбек атқарған азаматтарға негізсіз қара күйе жағуы бізге түсініксіз. Егер өз ақпарат құралының рейтингісін көтергісі келіп, осындай жиіркенішті әдістерді пайдаланатын болса, ондай ақпарат көздері жауап беруі тиіс.

Бұндай жалпы жұртқа өтірік, жалған, көшеден теріп алған өсек пен лақаптан құралған мақала таратып, оқырманды адастыратын және шынайы ақпарат алу құқығын бұзып, халықтың ашу-ызасын тудырып отырған осы басылымдардың әрекетіне шара қабылдауды, бұқаралық ақпарат құралын жабуға дейін бәріміз бірлесіп қатаң шара қолдануымыз керек.

Осы ретте облыс халқы, аудандағы, ауылдағы азаматтар әр өңірде қандай жұмыстар атқарылғанын жақсы біледі. Осындай келеңсіз сын сағаттарда елді бірлікке, тәртіпке шақыратын ардагерлер,
Облыста осындай ерекше еңбек атқарған іскер басшы, барша облыс халқының сүйіспеншілігіне бөленген адал азаматты екі қолмен қолдаймыз, ешқандай қаралыққа салуға жол бермейміз. Қолымыздан келгенше атақ абыройына нұқсан келмеуі үшін бұндай жала жабуға жол бермейміз. Бұл жерде тек бір ғана азаматтың емес, бүкіл облыс халқының мүддесі, ел тыныштығы мен тұрақтылығы көтерілген. Сондықтан бұндай келеңсіздіктерге жол берілмеуі тиіс.
Хатқа қол қоюшылар:

Парламент депутаттары:

Дүйсенғалиев Ж.М.
Шпанов Е.М.
Енсегенов С.Қ.
Бекенов А.С.

Облыстық мәслихат
депутаттары:

Лукпанов С.Е.
Жиенбаев Т.У.
Артыгалиев М.Д.
Куанышев С.С.
Беккужиева А.Б.
Кенжегулов Б.З.
Мукатанов Т.Б.
Калиев М.К.
Абдолов А.А.
Садуахасова Г.М.
Килыбаев М.Б.
Беркимбаев Б.С.
Габдуллин А.С.
Султанов С.К.
Айдашев. Б
Кулжанов Д.У.
Сулейменов А.С.
Дуйсенгалиев С.Ш.
Байшаханов А.К.
Қалалық мәслихат
депутаттары:

Джулмагамбетов Н.К.
Жумагалиев Р.С.
Исмагулов А.Т.
Темиров Б.Б.
Джайлауов К.Е.
Тухфатов Б.З.
Ерубаев С.С.
Алшенов Р.К.
Рыскалиев Б.К.
Зайдуллин Ж.
Шеркешбаева Б.К.
Нажикенов С.Е.
Казиманов Б.
Сармагамбетов М. Ж.
Калиев К.К.
Ким А.В.
Смаилова М.Т.
Бекенов Т.С.

Дереккөз: "Алтын Орда"

 

24 тамыз 2012, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.