Атырау, 22 қараша 01:45
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Қарағанды облысында әскердегі сарбаз өзіне оқ атып мерт болды

2 047 просмотра

Қарағанды облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өзін-өзі мерт қылды. Кезекшілікке кеткен ол, түн ішінде басына тақап оқ атқан.

Қарағандыдағы 65/05 ішкі әскер құрамында борышын өтейтіндер Абай ауданында орналасқан түрмелердің күзетінде тұрады. Оқиға Қараған деген елді мекенде орналасқан түзету мекемесінің бірінде орын алған. 19 жасар Шығыс Қазақстан облысының тумасы Александр Зайцев, әскерге маусым айында ғана шақырылыпты. Өз-өзіне түнгі кезекшілікте қол салған сарбаз 10 күндей ес түссіз ауруханада жатып, кеше түнде жан тапсырыпты. Марқұм өзіне қол салардың алдында тілімдей хат қалдырыпты. Онда «Мені кешір» деген сөз ғана болған.

Бек Жекебеков, Қарағандыдағы 65/05 әскери бөлімінің командирі:

- Ол өзінің басына оқ атқан. Жараланған оны аудандық ауруханаға жөнелттік, алайда ол бүгін түнде есіне келмей көз жұмды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Дереккөз: ktk.kz

24 тамыз 2012, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.