Атырауда жұмысына салғырт қараған дәрігерлерге қатысты сот басталды. Оларға, әлі 1 жасқа толмаған Асхат Салауатовты мүгедек қылды деген айып тағылуда.
Бүлдіршінге туа сала жеңіл операция жасалған еді. Дәрігерлер, бала толық айығып кету үшін антибиотик еге бастаған. Алайда, ине жүйке талшықтарын зақымдап, баланың оң аяғы өсуін тоқтатқан. Қазірдің өзінде Асхаттың бір аяғы екіншісінен қысқа екендігі айқын байқалады. Мамандардың айтуынша, енді қос аяғының теңесіп кетуі екіталай. Асхаттың ата-анасы Атырау облыстық денсаулық сақтау мен балалар ауруханасын сотқа беріп, 4 млн теңге өндіріп алмақшы. Бүгін өткен алғашқы процессте дәрігерлер өздерінің кінәларын мойындаудан мүлдем бас тартты.
Дереккөз: ktk.kz