Атырау, 19 желтоқсан 02:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Ортақ валютаға енсек, теңге жойыла ма?», «Расул Рысмамбетов: ЕАЭО-ға мүше болу арқылы жағдайымызды қиындата түстік», «Білім басқармалары жабыла ма?», «Биліктегі жетпісінші жылғылар белді шенеунікке айнала бастады».

3 039 просмотра

INFORMBURO.KZ. «"Америкадағы қазақша бизнес": АҚШ-тағы отандасымыз 34 қазақтан $441 400 жымқырған» - "Қазақпыз ғой, бауырым" деп өз қазағын қан қақсатып, жазаланбай тайраңдаған алаяқ жайлы іnformburo.kz тілшісі журналистік зерттеу жүргізді.

QAMSHY.KZ. «Ортақ валютаға енсек, теңге жойыла ма?» - Кеше Ресей үкіметінің қаржы министрінің орынбасары Алексей Моисеев алдағы үш жылда Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ валютаға ену процесін жеделдету керектігін баса айтты. Моисеевтің пайымдауынша, ортақ валютаға ену Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларус, Армения елдерін экономикалық қиындықтан алып шығады. «Ортақ ақша одақтың келісіміне сәйкес 2025 жылдары толық іске қосылып, емін-еркін айналымға шыға бастағаны жөн» деді Алексей Моисеев.

«Биліктегі жетпісінші жылғылар белді шенеунікке айнала бастады» - «Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық”.  Бұл Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі. Расында да тәуелсіздік алдық, енді оны баянды етіп келеміз. Содан бері 27 жыл өтті.

TURKYSTAN.KZ. «Екі тағдыр – бүтін ел» - «Өткен өмір – көрген түс. Жоқ, көрген түс емес ол. Адамның тағдыры. Уақыттың тынысы жатыр онда.

QAZAQTIMES.COM. «Расул Рысмамбетов: ЕАЭО-ға мүше болу арқылы жағдайымызды қиындата түстік» - Осы айда Санкт-Петербургте Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) жоғары кеңесінің отырысы өтіп, бірқатар мәселелер қаралған. Жиында сөз сөйлеген Ресей президенті Владимир Путин одақ жұмысының «аса табысты» өрбіп жатқанын айтыпты. 

AIKYN.KZ. «Білім басқармалары жабыла ма?» - Сенат депутаты Дариға Назарбаева еліміздегі білім басқармаларын жабу керек дегелі біраз жұрттан ұйқы қашты. Көпке топырақ шашқымыз жоқ, еліміздің білім саласын дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген басқарма басшылары баршылық. Сондай-ақ басқарма басына келген соң өзін жарты әлемнің билеушісіндей сезінетіндері де жоқ емес. 

ULT.KZ. «75 мың студентті жатақханамен қалай қамтамасыз етеміз?» - Елбасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде студенттердің жағдайын жақсартуға тапсырма берген еді. Соның ішінде жатақхана салу мәселесін қозғаған болатын. 2022 жылға дейін елімізде 75 мың студентке жатақхана салынып бітуі тиіс. 

EGEMEN.KZ. «Тәуелсіздік тудырған таланттар» -  Еліміз егемендігін алып, еңсе тіктеген осынау ширек ғасырдан астам уақытта Отанымыздың абыройын асқақтатып, өнер тілі арқылы қазақты жер әлемге танытып жүрген таланттар жетерлік. Соның ішінде, әсіресе есімі елдігімізбен егіз аталатын тәуелсіздіктің төл ұландарының орны айрықша.  


14 желтоқсан 2018, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.