Атырау, 19 желтоқсан 03:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«БҰҰ-ның жұмыс тобы Ерімбетов ісіне қатысты шешім шығарды», «“Желтоқсан” ұйымы болмағанда шындық айтылмай қалар еді», «Адам құқығына қатысты жиі сыналатын Қытай есебін жариялады», «”Қалаулымға” бақыт іздеп барып, қылмыскер атанды».

3 094 просмотра

QAZAQTIMES.COM. «Time журналы батыл журналистерді “Жыл адамы” деп атады» -  Америкалық Time журналы «Жыл адамы» атағына лайықты журналистерді атады. Олардың бірі – колумнист, «Washington Post» басылымының тілшісі Жамал Хашогги. 

«Франциядағы ереуіл: Макрон уәдесінде тұра ма?» - Франция президенті Эммануэль Макрон халыққа үндеу жолдап, экономикалық режим жариялайтынын айтты. 

QAMSHY.KZ. «”Қалаулымға” бақыт іздеп барып, қылмыскер атанды» - 2009 жылы Қытайдан қоныс аударып келген 28 жастағы Қайрат Самарқанның махаббатта жолы болар емес. Қытайда жүрген кезінде-ақ соры бес елі болған жігіт өз Отанындағы қандас бауырларына алданып қалдым деп отыр. Жүрегінің жартысын еліміздегі атышулы «Қалаулым» бағдарламасы арқылы таппақ болып, ақыр соңы «қылмыскер» деген атқа ілігіп, басы дауға қалыпты. 

ABAI.KZ. «“Желтоқсан” ұйымы болмағанда шындық айтылмай қалар еді» - Біздің бүгінгі спикеріміз - желтоқсаншы Ерлан Әбдірашитұлы Декелбаев. Ол 1986 жылы инженер қызметін атқарған. Желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін алты жылға сотталған. 

«Абай болыс кезінде параға не алушы еді?» - Абайдың айнасына қараған әр қазақ өзін, жасап жатқан қоғамын көреді. Оның өлеңдері ғана емес, адами келбетінің айнасы әрбір «меннің» қыңырын түзеп, қисығын жөнге салар рухани тез іспетті.

 AZATTYQ.ORG. «Адам құқығына қатысты жиі сыналатын Қытай есебін жариялады» - Сәрсенбі күні Қытайдың мемлекеттік кеңесі елдегі адам құқығының дамуына қатысты ресми есебін жариялады. Ал БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі Шыңжаңға бару жолын іздеп жатыр.

«Тарихымызға империялық көзқарас таңғысы келеді» - Открытый город" порталы Чебоксары қаласында орыс патшасы Иван Грозныйға ескерткіш қоюға қатысты дауыс берудің аяқталғанын хабарлады. Жергілікті билік Грозныйды тиран емес, Чебоксарының негізін қалаушы ретінде қабылдаған жөн деп санайды.

«БҰҰ-ның жұмыс тобы Ерімбетов ісіне қатысты шешім шығарды» - “Қаржы алаяқтығы" айыбымен жеті жылға сотталған кәсіпкер Ескендір Ерімбетовтің ісін қараған БҰҰ-ның жұмыс тобы оның "заңсыз қамалғанын" айтып, дереу босатуды талап еткен. Бұл жайлы кәсіпкердің туыстары мен адвокаты хабарлады.

TURKYSTAN.KZ. «Өзіне-өзі дәрігер әрі балгер» - Соңғы уақытта антибиотиктердің жүйесіз қолданылатыны жиі сөз болып жүр. Тіпті, мамандар аталмыш мәселеге байланысты дабыл қаға бастады. Жуырда ғана Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы антибиотикті жиі қолдануға тосқауыл қоюды дәрігерлер емес, мемлекет қолға алуы қажеттігін мәлімдеген еді. 

13 желтоқсан 2018, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.