Атырау, 26 желтоқсан 17:58
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Бергей Астанада немесе Бурабайда

2 935 просмотра

© Қазақстан жаңалықтары ААЖергілікті күш құрылымдарындағы дереккөз «Ақ Жайық» редакциясына облыстың бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВҚА қатысты қандай да болмасын жедел шараларға қатысы жоқ екендіктері туралы ІІМ-нің кешегі күнгі және ҰҚК баспасөз қызметінің бүгінгі мәлімдемесі жөнінде комментарий берді:

– Әрине, олар өздерінің қатыстылығын жоққа шығаруы тиіс. Өйткені тергеу ісін ресми түрде Бас прокуратура мен қаржы полициясы жүргізуде. Қазіргі уақытта басқа қызметтердің осы іс бойынша араласуға қақылары жоқ.

– Сонымен бұрынғы әкім ұсталды ма, жоқ па? Әлде үйқамақта отыр ма және қайда?

– Бір ғана нәрсені айта аламын: ол бой тасалануы мүмкін деген қауіппен жасырын түрде Астанаға жөнелтілді.

Бүгінде бұрынғы әкімнің айналасындағы адамдар «АЖ»-ға оның Бурабайда екендігін хабарлады. Олар баршасы үшін де жағдай сәтін салып өзгерер деп үміттеніп отыр. Олардың айтуынша, мердігер мекеме басшылары, жергілікті шенеуніктер мен депутаттар қатарындағы Б. Рысқалиевтың көптеген «достары» шынымен де тым-тырақай қашып кеткен және ең айнымас достарынан басқалары байланыстан тыс жерде.

«АЖ» редакциясы

23 тамыз 2012, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.