Атырау, 13 желтоқсан 05:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Қаржы министрлігі КБК бұрынғы басшысы Баймағамбетовтың ісі сотқа тапсырылды

2 377 просмотра

АСТАНА, 22  там – Қазақстан жаңалықтары АА. Қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды және аса ірі көлемде пара алды деп айыпталған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағанбетов ісі  сотқа тапсырылды деп хабарлайды қаржы полициясы баспасөз қызметі. 

"Баймағанбетов облыстық кедендік бақылау департаменттерінің бірінің бастығы орынбасарының лауазымына тағайындау және қомқорлық жасау үшін бөліктермен 80 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп айыпталуда. Оған қоса Баймағанбетовке қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, кедендік бақылау органдарына шын мәнінде өз қызметтік міндеттерін атқармаған тұлғаларды қызметке қабылдау туралы заңсыз нұсқаулар берген деп айып тағылуда",-делінген хабарламада.

Қылмыстық істің материалдары мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының Қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотына жолданды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

23 тамыз 2012, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.