Атырау, 23 сәуір 22:08
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

«"ҚДТ-ға қатысы бар" сотталушылар айыпты мойындамады», «Рақым Ошақбаев: “Ортақ валюта? Армандамасын!”», «Желтоқсан көтерілісінің айбынын асыруға не кедергі?», «Семейді патшалық Ресейдің қаласына айналдыруды кімдер көксеп жүр?».

2 274 просмотра

AZATTYQ.ORG. «"ҚДТ-ға қатысы бар" сотталушылар айыпты мойындамады» - Қоғамда "жиһадшылар ісі" аталып кеткен сот отырысы аяқталуға жақын. Айыпталушы үш адамға қатысты үкім желтоқсанның 13-і күні оқылуы тиіс.

«Жер сатуға наразы топ тіркеу мекемесінің жұмысын бөгеді» - Грузия астанасы Тбилисиде азаматтар шетелдіктерге жер сатылмауын талап етіп, қаладағы Әділет үйіне барар жолды бекітіп тастады. Осылайша олар шетелдіктерге егістік жерлерді сатуға мүмкіндік беретін Конституциялық соттың шешіміне наразылық танытты. Конституциялық сот өкілдері саяси топтың ұпай жинауға тырысып жатқанын айтады.

DALANEWS.KZ.  «Рақым Ошақбаев: “Ортақ валюта? Армандамасын!”» - Экономист Рақым Ошақбаев Dalanews-ke берген сұхбатында Еуразиялық одақтың олқы тұстарын, бұл одақтың Қазақстанды қаншалықты құлдыратқанын айтып берді.

«Семейді патшалық Ресейдің қаласына айналдыруды кімдер көксеп жүр?» - Геральдика саласын еліміз Тәуелсіздік алған уақыттан бері баяу  дамып  кенжелеп қалған саланың санатына жатқызуға болатын сияқты.

QAMSHY.KZ. «Желтоқсан көтерілісінің айбынын асыруға не кедергі?» - Желтоқсан – қойдан қоңыр,  жылқыдан торы қазақтың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінен соң тура жетпіс жылдан кейін бұқаралық бұрқ ете қалған ашу өрлігі, төтеннен бас көтерген алапат рух күші еді...  

«Тұйыққа тірелген тергеу ісінің артында түріктер тұр ма?» - Таяуда Ресейдің Тергеу комитеті Ресей Әуе-ғарыш күштерінің подполковнигі, Су-24М бомбалаушы-ұшқышы Олег Пешков пен 810-жеке бригадасының теңіз жаяу әскері десанты Александр Позыничтің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеудің әлі де жалғасып жатқаны жайлы хабарлады.

ZHASALASH.KZ. «Құл-Мұхамед Зайнулдиннің атағына зәру ме?» - Семейдің бұрынғы әкімдерінің қаланың жоғары марапатын алғаны әсер етті ме, әлде бұрыннан пісіп тұрған жай ма, Шығыс өңірдің бірқатар аудан әкімдерінің арасында «Құрметті азаматы» атағын үлестіруден «жарыс» өтіп жатыр. Тиісті нормаға сәйкес, үш-төрт адамға ғана берілетін осынау атақ қазір көтерме базардың тауарындай құны төмендеп кеткендігін әр ауданда 25-30 адамға дейін берілгендігінен көруге болады.

365INFO.KZ «Тепкілеп, жалаңаш далаға тастады…» -  Желтоқсаншы қыз басынан өткенді баяндады. 1986 жылы егемендік үшін алаңға шыққан жастар ол күнді ешқашан ұмытпайды.


12 желтоқсан 2018, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.