Атырау, 26 желтоқсан 17:58
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қабілетіңді дәлелде!

1 857 просмотра

«Кезектен тыс аттестация нәтижесінде Атырау облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес департаментінің жеке құрамы 20 пайызға жаңартылды», - деп хабарлайды ведомоствоның баспасөз хатшысы Алтынай МҰХТАРОВА.

Жалпы қаржы полициясының 110 қызметкері кезектен тыс аттестациядан өтті. Естеріңізге салсақ, жоғары аттестациялық комиссияның ұсынысы бойынша департамент бастығының 2 орынбасары қаржы полициясы органынан шығарылды.

Тағайындау және жұмыстан шығару Агенттік номенклатурасының құзырына кіретін департаменттің 11 қызметкері Орталық аттестациялық комиссияның сынағынан өтті.

Аттестация нәтижесі бойынша 7 қызметкер атқарып отырған лауазымдарына лайықты деп танылды. 3 қызметкер лауазымына лайықсыз деп танылып, төмендетуге ұсыныс берілді. 1 қызметкер лауазымына лайықсыз деп танылып, қаржы полициясы органынан шығаруға ұсыныс жасалды.

Аймақтық аттестациялық комиссияда қаржы полициясының 95 қызметкері аттестациядан өтті. Нәтижесінде 73 қызметкер лауазымды орындарына сай деп бағаланды. 3 адам лауазымына лайықты деп танылып, лауазымын жоғарылатуға, ал 6 адам сынақтан өте алмағандықтан, лауазымдарын төмендетуге ұсыныс берілді. Тағы 6 адам лауазымдарына сай келмей, басқа қызметке ауыстыруға ұсыныс жасалды. Атырау қаржы полициясының 7 қызметкерін жұмыстан шығаруға ұсыныс берілді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

23 тамыз 2012, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.