Атырау, 26 желтоқсан 18:21
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Сынақтан сүрінгендер санаулы

1 862 просмотра

Құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестациялаудың екінші кезеңі аяқталды.Бұл жолы қызметтер мен басқармалардың, қалалық және аудандық бөлімшелердің жетекшілері аттестациялық сынақтан өтті.

Атырау облыстық ІІД кадр жұмысы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Марал ӨТЕБАЛИЕВТІҢақпараты бойынша, аттестациядан өтуші 72 адамның қатарында ІІД басқармасының бастықтары, қалалық басқарма мен аудандық ішкі істер бөлімдерінің басшылары және орынбасарлары бар. Олардың барлығы физикалық және ату дайындықтары, ҚР заңнамасы мен логикалық ойлау білімін тестілеу, сондай-ақ психологиялық-эмоционалдық тұрақтылық бойынша сыннан өтті.

Аттестациялау нәтижелері бойынша ішкі істер органдарының 60 қызметкері лауазымдарына лайықты деп танылды. Екі жетекші ішкі істер министрлігі басшылық ететін орталық аттестациялық комиссияда атқарып отырған лауазымдарына лайықты деп танылып, жоғарылату, ал 3 адам лауазымына лайықсыз деп танылып, төмендетілу ұсынылды. 2 қызметкер лауазымына лайықсыз болып, басқа қызметке ауыстыруға ұсыныс берілді.

Аттестациядан өтушілер арасында жұмыстан босатылуға ұсынылғандар жоқ.

Қазіргі кезде ІІД-нің бүкіл жеке құрамы аттестациядан өтуде, ол биылғы жылдың желтоқсанына дейін жалғасатын болады.

Сондай-ақ, аттестациялаудың екінші кезеңінен облыстық прокуратура қызметкерлері: Атырау қаласының прокуроры, 7 аудандық прокурорлар мен 1 табиғатты қорғау прокуроры, 7 облыстық аппарат басқармасының бастықтары және облыс прокурорының 2 аға көмекшісі де өтті. Барлығы – 18 адам.

Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Ләззат НҰРМАҒАМБЕТОВАНЫҢ ақпараты бойынша, барлық аттестациядан өтушілер заң білімі мен логикалық ойлау тұрғысында тестілеуден, психологиялық тұрақтылыққа қатысты әңгімелесуден өтті. Ал жоғары аттестациялық комиссияның қорытынды әңгімелесу нәтижелері бойынша 15 прокурор лауазымына лайықты деп танылды. Жылыой және Қызылқоға аудандық прокуратурасының прокурорларының лауазымын төмендетуге ұсыныс берілді. Исатай ауданының прокурорын басқа жұмысқа ауыстыру ұсынылды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

23 тамыз 2012, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.