Атырау, 19 сәуір 12:53
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Қасымов Қазақстан полициясына өзгеріс әкеле ала ма?», «Қазақстанда қай салада жемқорлық белең алған?», «Қазақстанда Адам құқығы декларациясы қаншалықты орындалады?», «Дүниежүзілік банк болжамы ақталмауы мүмкін».

2 366 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қазақстанда қай салада жемқорлық белең алған?» - Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасы бойынша жыл сайын 9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні (International Anti-Corruption Day) ретінде атап өтіледі.Тұрғындар тұрмысы төмен отбасыларға үй салып берді.

«Қазақстанда Адам құқығы декларациясы қаншалықты орындалады?» - Желтоқсанның 10-ы күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдағанына 70 жыл толды. Сарапшылардың айтуынша, Декларация нормалары Қазақстанда советтік кезеңде де орындалған емес, қазір де орындалып жатқан жоқ.

«Қазақстандағы ықтимал "ерте сайлау" және Орталық Азиядағы "Шенген аймағы"» -Батыс баспасөзі Қазақстанда мерзімінен бұрын сайлау өткізу мүмкіндігі, уран бағасын қалпына келтіру және Орталық Азиядағы "жаңа Шенген" аймағын құру жайлы жазған.

QAZAQTIMES.COM. «Қасымов Қазақстан полициясына өзгеріс әкеле ала ма?» - Елімізде жиі сынға ілігетін екі саланың бірі – футбол болса, екіншісі – полиция. Әрине, бұл екеуінен басқа да түйткілді проблемалары көп салалар жетерлік. Біз салыстырмалы түрде алып отырмыз. 

«Қытайлық жігітке тұрмысқа шыққан қыздар және шекара аттаған қалыңдық саудасы» -  Қытай туралы ең жаңа зерттеу нәтижесі таңқаларлық мәліметтерді жайып салды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, соңғы 5 жыл ішінде 7500-ден астам мьянмалық қыз Қытай азаматтарына тұрмысқа шығуға мәжбүр болған және олар қытайлық азаматтарға бала тауып беруге міндетті болған. 

JASQAZAQ.KZ. «Дуа мен дауа немесе Айтолқынның айласы» - Бұл мақаланы редакцияға студент қыз алып келді. Өз басынан кешірген оқиғаны баяндаған ол өмірде кездесетін жағдайды шынайы суреттеген. Мақала жастарды жат әдеттен сақтандыру мақсатында жарияланды. Автордың көзқарасы мен жазу мәнері сақталды. Кейіпкерлердің аты-жөні өзгертіліп алынды.

AIKYN.KZ. «Жүрегімнің қалауы – өнер» - Сахна биігінен төменге қарағанда оған не көрінуі мүмкін. Әрине, өмір. «Бірінші, балалық шағым еске түседі. Сол балалық шақпен ілгері жылжисың. Қай қиындықта да, келеңсіз тұстарда да, еске оралатыны – алаңсыз бала кездерің екен. 

«Дүниежүзілік банк болжамы ақталмауы мүмкін» - Аталмыш болжам ақталмауы мүмкін, себебі жыл қорытындысы бойынша еліміздің ішкі жалпы өнімінің өсу қарқыны көрсетілген цифрдан жоғары болатыны анық. Атап айтқанда, бүгінгі күні Қазақстан экономикасы өсудің оң динамикасын сақтап отыр және жыл соңын 4 пайыздық көрсеткішпен аяқтайды деген жоспар бар.

ULT.KZ. «Ұлттық иммунитет немесе азаттықтың құны» - Үш ғасырға жуық жан берісіп, жан алысқан алапат күрестен кейін азаттығымызды алып, тәуелсіз Қазақстанды жасадық. Бірақ, азат ойлы, тәуелсіз қазақты жасай алдық па?! 


10 желтоқсан 2018, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.