Атырау, 26 сәуір 11:37
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Апат салдарынан бір отбасы түгел қаза болды

3 522 просмотра


7 желтоқсанда кешке Атырау-Орал трассасының  Махамбет ауданы Жалғансай ауылы тұсында «ВАЗ21104» көлігі қарсы бетке шығып кетіп, ауыр жүк көлігіне (фура) соққан. Оқиға салдарынан ВАЗ-дың 1974 жылғы жүргізушісі және оның әйелі мен 15 жастағы қызы қаза болды.   

Сол күні түнде Атырау-Индер трассасының Индер ауданы Құрылыс ауылы тұсында 52 жастағы ер адамды КамАЗ автокөлігі қағып, жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.

Екі оқиға бойынша сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 желтоқсан 2018, 21:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.