Тергеу абақтысының бастығы пара алу кезінде ұсталды
Бейнежазба
3 530 рет қаралды
Видеодан кадрАтырауда УГ-157/1 мекемесі (тергеу абақтысы) бастығының міндетін атқарушы ұсталды. Ол түзету колониясына этапталмау үшін сотталушылардың бірінен жалпы сомасы 678 мың теңге мөлшерінде жүйелі түрде пара алып отырған деп күдіктеліп отыр.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна БАСТАРОВА хабарлағандай, әділет капитанына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тергелуші толықтай өз кінәсін мойындағандықтан және іс жүргізу келісімін жасау туралы өтініш бергендіктен, басқа жаққа кетпеу туралы қолхат беру бұлтартпай шарасы таңдалған.