Атырау, 19 сәуір 07:59
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Назарбаев: 2025 жылға қарай өзара саудадағы барлық кедергіні жою қажет», «Дариға Назарбаева кеден бекетіндегі былық туралы жайып салды», «Терактіге дер кезінде тосқауыл қойып отырмыз», «Лука Модрич “Алтын допқа” шынымен лайық па?».

2 288 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Тұрғындар тұрмысы төмен отбасыларға үй салып берді» - Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылының тұрғындары асар жасап, тұрмысы төмен екі отбасына үй салып берді. Жергілікті әкімдік ауылда әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар өте көп екенін айтады.

«CNN: АҚШ Қара теңізге кемесін жібермекші» - Америкалық CNN телеарнасы АҚШ Қара теңізге әскери кеме жіберуді жоспарлап отырғаны туралы хабарлады. Бұл Ресей Керчь бұғазында украиналық үш кеме мен олардың экипаждарын ұстағаннан кейін Мәскеу мен Киев арасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты.

 365INFO.KZ «Дариға Назарбаева кеден бекетіндегі былық туралы жайып салды» -Сенатордың айтуынша, кеден қызметкерлері импорттың, әсіресе Қытайдан әкелінетін тауардың көлемін жасырады екен. 

QAZAQTIMES.COM. «Билікке мобильді құрылғыларды тіркеуден өткізудің қажеті қанша?» - Қазақстан билігіне мобильді құрылғыларды тіркеудің қажеті қанша? 

«НАТО мен АҚШ Ресейге зымырандарды жою туралы шарт қойды» - НАТО Ресейді жақын және аз қашықтықтағы зымырандарды жою туралы шартты бұзды деп ресми түрде айыптады. 

AIKYN.KZ. «Халық пен салық арасындағы алтын көпір» - Халық арасында салық төлеуге қатысты түйткілді сұрақтар үнемі туындап жатады. Кішігірім мәселенің өзі қарапайым тұрғындар үшін үлкен түсінбеушілікке әкелетінін көріп жүрміз. Осыны ескерген Мемлекеттік кірістер комитеті таяуда «WhatsApp» мессенджері арқылы сұрақ қоюға мүмкіндік жасады.

ALASHAINASY.KZ. «Назарбаев: 2025 жылға қарай өзара саудадағы барлық кедергіні жою қажет» - Отырыста Жоғары Еуразия экономикалық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі цифрландыру мәселелерін іске асыру барысы жөніндегі баяндаманы тыңдап, газ, мұнай және мұнай өнімдері салаларында ортақ нарық қалыптастырудың, сондай-ақ интеграциялық бірлестік аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

«Терактіге дер кезінде тосқауыл қойып отырмыз» - Биыл еліміз үш терактіден аман қалды. Нақтырақ айтсақ, жыл басынан бері Қазақстанның арнайы қауіпсіздік қызметі елімізде жасалмақ болған үш терактіге дер кезінде төтеп беріп, теракт ұйымдастырмақшы болған 13 адамды құрықтап үлгерген. Астана, Ақтөбе және Орал қалаларында күш қолдану арқылы жасалатын террорлық сипаттағы экстремистік акцияға дайындалған радикалдық үш топтың жоспарларын Ұлттық қауіпсіздік комитеті бастапқы кезеңде анықтап, дер кезінде тосқауыл қойып үлгерген.

BAQ.KZ. «Лука Модрич “Алтын допқа” шынымен лайық па?» - «Алтын доп» қазіргі кезде әлемдегі үздік ойыншыға берілетін жүлденің ең қадірлісі болып тұр. France Football журналының бұл сыйлығын алуға футболшылардың барлығы талпынады. Тізімде жалпы саны 30 үміткер болды. Олардың арасында әрине, Роналду мен Месси де бар. Алайда, соңғы 10 жылда ешкімге дес бермеген қос мықтының екеуіне де бұл сыйлық осы жолы бұйырған жоқ.


7 желтоқсан 2018, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.