Атырау, 19 желтоқсан 03:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Ресейдің доллардан арылуға асығуы Қазақстанға нені аңғартады?!», «Чехияның арнайы қызметі Кремль ықпалынан қауіптенеді», «Ата-ананың рұқсатынсыз түсік жасатуды заңдастыру қажеттілік пе әлде қамқорлық па?», «Тозақтан шыққан үн: аңыз ба, ақиқат па?».

2 251 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қала іргесіндегі инфрақұрылымы жоқ ауыл» - Шымкент іргесіндегі "Ынтымақ-2" шағын ауданының мыңдаған тұрғыны бірнеше жылдан бері ауыз су, қоғамдық көлік, жол мәселелерін шеше алмай келеді. Тұрғындар “қала іргесінде тұрып, ауыз суға жарымадық” деп шағымданады. Жергілікті әкімдік мәселеден хабардар болғанымен шарасыз екенін айтады.

«Сот 77 жастағы құқыққорғаушыға 25 тәулік кесті» - Мәскеудің Тверь аудандық соты белгілі ресейлік құқыққорғаушы 77 жастағы Лев Пономаревті "жиын өткізу тәртібін бұзғаны" үшін 25 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

«Чехияның арнайы қызметі Кремль ықпалынан қауіптенеді» - Уақыт өткен сайын Кремль насихатын үдетіп, арнайы қызмет белсенділігін арттырған. Мәскеу Чехия мен Орталық Еуропадағы саяси оқиғаларға көбірек ықпал етуге тырысып жатыр. Чехияның қарсы барлау қызметіне қарайтын Ақпараттық қауіпсіздік қызметінің (BIS) 2017 жылғы есебінде осылай деп көрсетілген. Оның құпия емес бөлігі Прагада жарияланды.

QAMSHY.KZ. «Ресейдің доллардан арылуға асығуы Қазақстанға нені аңғартады?!» - Кешелі бері Ресейдің ірі корпорацияларының жетекшілері алдағы үш жылдың ішінде бизнесті дөңгелету үшін доллардан арылу қажеттігін айтып отыр. Көрші елдің  «Газпром», «Русгидро» тәрізді мемлекеттік корпорациялары қараша айының өзінде облигациялармен қамтамасыз ететін қаржылық қорын юань мен евроға ауыстыра бастаған. Осылайша ресейлік ірі компаниялар АҚШ-тың көк қағазынан біртіндеп бас тартып жатыр. Бұған қоса Ресейдің алтын валюта қорына да доллардан гөрі алтын жинап жатқаны бізге белгілі. 

«1980 жыл. Тозақтан шыққан  үн: аңыз ба, ақиқат  па?» - 1980-жылдары бұрынғы Кеңес Одағында оқымысты-геологтар жерді 12 шақырым тереңдікке дейін бұрғылап, тозақтың тура үстінен түскені туралы білетін боларсыз.  Кеңестік бұрғышылар скважинаға микрофон байлап түсіріп, тозақы болған миллиондаған адамдардың қорқынышты дауыстарын жазып алған. 

INFORMBURO.KZ. «Қазақстандағы декреттік демалыс: 2018 жылы бала күтімі бойынша демалысқа шығып, жәрдемақы алудың тәртібі» - Іnformburo.kz декреттік демалысқа шығушы ер азаматтар мен әйелдерге қатысты ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтерін зерттеді.

«"Заң жобасы әлі жазылған жоқ". Білім министрлігінің өкілдері өз сөздерінен өздері шатаса бастады ма?» - Өткенде Білім министрлігінің өкілі "Мұғалім мәртебесі" туралы заң жобасы аяқталуға жақын десе, бүгін басқа бір маманы әлі жазылған да жоқ деп шықты.

«Ата-ананың рұқсатынсыз түсік жасатуды заңдастыру қажеттілік пе әлде қамқорлық па?» - Дәрігерлер жеткіншектердің жыныстық қатынасқа ерте түсуі әртүрлі мәселелерге себеп болып отыр дейді. Ал психологтар түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынады.Оларға заң бойынша қандай жұмыс кестесі белгіленеді, сондақ-ақ қандай әлеуметтік төлемдер төленетіні туралы төменде толығырақ айтып береміз.

TURKYSTAN.KZ. «Ант берудің әлегі» - Әр ел – бір әлем. Әрбір елдің өзіндік дәстүрі, мемлекеттік заңы, қалыптасқан өмір сүру салты, қоғамдық тәртібі бар. Десек те, қандай елде болса да, ол елдің заңы мен тәртібі жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделіп, адамның ой-өрісін шектемейтіндей, жеке басының құқығына зиянын тигізбейтіндей әділ болуы тиіс. Мемлекет болудағы басты мұрат та осы.


6 желтоқсан 2018, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.