AZATTYQ.ORG. «"Жас реформатордың" офшорға дейінгі жолы» - Жуырда "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясынан "Қазақстан теміржолына" басшы болып ауысқан кезіндегі "жас реформатор" қайтіп сақа саясаткерге айналды?
«Сырым Әбдірахманов екі айға қамалды» - Астаналық белсенді Сырым Әбдірахмановтың үстінен төрт бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Арыздың біреуін астаналық шенеуніктердің бірі түсірген.
ABAI.KZ. «Салынғанына он жыл болмаған мектептің төбесі неге құлайды, Сағадиев мырза?» - Кешеден бері баспасөз беттерінде Ақтөбе қаласындағы №40 мектептің төбесі құлап, 9 оқушынының ауруханаға түскені жайлы ақпарат тарады. Аталған ақпаратқа сүйенсек, төбесі құлап тоғыз оқушының денсаулығына зиян келтірген мектеп 2009 жылы ғана пайдалануға берілген екен. Қабырғасы қаланғанына он жыл толмаған құрлыс әу баста сапалы салынғанда бүгінгідей шу шықпас та еді.
«Араб дәстүршілдігін қабылдаған жастар қазақ болып қала алмайды» - Сопылық ілімнің тарих сахнасына шығу кезеңін көптеген сопылықты зерттеушілер Мұхаммед пайғамбар заманынан бастау алатынын алға тартады.
«АҚШ пен Қытай. Бифштекс қонағасы не шешті?» - АҚШ-Қытай сауда қатынасының бізге беймәлім қырлары "Үлкен жиырамалық" (G20) саммиті аясында АҚШ-Қытай басшыларының қонағасы форматында өткен кездесуінде екі ел уақытша компромисске келді.
«Комсомолды тойлаған қазақ биыл Алаш қайраткерлеріне арнап не істеді?» - Былтыр «Алаштың 100 жылдығы» дейтін айшықты датаны ел болып атап өттік. Атап өттік деп далитып дардай қып айтқанымызбен, қазақтың азаттығы жолында ақтық демі үзілгенше күрескен Алаш қайраткерлеріне, бабалар рухына біз, бүгінгі ұрпақ, бүгінгі Қазақстан лайықты құрмет көрсете алдық па? Біреулер «иә, көрсеттік» дейді, енді біреулер керісінше.
QAMSHY.KZ. «Петр Порошенко: Сайлаудың мерзімін ұзартсақ, Путин жеңіске жетуі мүмкін» - Қазіргі уақытта Украинаның Керчь бұғазындағы төтенше оқиғаға байланысты 30 күндік әскери жағдай енгізілгені белгілі. Алайда, осыған байланысты украиндық қоғамның пікірі екіге жарылды.
ZHASALASH.KZ. «Н. Сабильянов: “Бюджет қаржысы нақтыланған бағыттарға дұрыс жұмсалмайтыны алаңдатады”» - «Президент Жолдауына сәйкес ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтуға 2019 жылы бюджеттен 100 млрд.теңге бөлінеді. Бұл ауылдарды таза сумен қамтамасыз етуге үлкен серпін берді. Бұрын бұл мақсатқа 35-40 млрд теңге бөлінетінін ескерсек, екі еседен астам қаражат қарастырылып отыр».
INFORMBURO.KZ. «Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме» - Дей тұрғанмен қазақтың шын мәнісіндегі тыныс-тіршілігі, онымен бірге азаматтарының өмір сапасы айтылғандай жарқын екеніне күмән баршылық. Теледидардан көріп-естігеніміз бір бөлек те, күнделікті тұрмыста ұшырасатынымыз бір бөлек. Осындайда мәселенің анық-қанығына жетудің ұтымды жолы әлем елдерін бір-бірімен салыстырып бағалаушы рейтингтер жүйесіне жүгіну.