Атырау, 26 желтоқсан 17:51
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Орындалмаған ойлар

1 367 просмотра

Мұнай бәсі сот орындаушыларда арзан. Айталық, құны 61 млн теңгеден асатын  тәркіленген мұнай өнімдері олардың сату құны жөніндегі анықтамаларында 3,5 млн теңгеден өткізілген.

Орындау өндірісі барысында сот орындаушы М.ҚАЛЫБЕКОВ «Би-Логистикс» АҚ тәркіленген мұнай өнімдеріне  бағалау (бағалаушы Б. МАҚАШЕВ) жүргізуді тапсырды. Есепке сәйкес, тәркіленген 475,199 тонна шикі мұнайдың  1 тоннасы  7 472 теңге деген есеппен 3 550 137 теңгеге жетті. Оның үстіне, есепте бағалаушының мұнайдың нарықтық құны туралы қорытындыға қандай әдіспен келгендігі туралы бірде-бір сөз жоқ. Ал, Атырау облысы статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес, үстіміздегі жылдың сәуір айында шикі мұнайдың орташа нарықтық құны 1 тонна үшін  128 819 теңгені құрады. Демек, тәркіленген шикі мұнай құны бағалау сәтінде  61 189 025 теңгені құрауға тиісті. Атырау қалалық соты осы бағалау туралы есепті жарамсыз деп тану жөніндегі талап арызбен таныстырды. 

«Атырауөзенпорты» АҚ өзен порты аумағындағы суға батқан жүзу құралдарының хикаясы қызықты оқиғалардың біріне айналды. Қысқаша еске түсіре кетелік, олардың қожайындары Әзірбайжан азаматтары браконьерлік үшін сотталды, ал кеме тәркіленді. Бірақ, бұл кемелер ешкімнің жауапкершілігіне берілген жоқ және олар суға батып кетті. Өткен жылдың күзінде кемелерді су астынан шығарды, оларды металл қабылдайтын кәсіпорынға металл сынықтары үшін тапсыруға шешім шығарылды, олар үшін көп ақша беретін болды. «Би-Логистикс» АҚ Атырау филиалы БАҚ-на хабарландырулар берген жоқ, екі кәсіпорыннан түскен ұсыныстарды қабылдады. «Жаңа Қадам Құрылыс» ЖШС тұтас қара металдың тоннасы үшін  5 300 теңге және темір қабатының тоннасы үшін  3 700 теңге  ұсынды. «Қазвторчермет» АҚ анықтамасына сәйкес, металл сынықтары мен қара металл қалдықтарын сатып алудың орташа бағасы 2011 жылдың қыркүйек  айымен 2012 жылдың мамыр айында тоннасы үшін 32 500 теңге құрады. Осы факт бойынша қаржы полициясы тергеуге дейінгі тексеруді жүргізуде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

22 тамыз 2012, 21:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.