AZATTYQ.ORG. «Ресейліктер тұтқындалған украиналық теңізшілерге көмектесіп жатыр» - Ресейлік және Қырым татар белсенділері ұсталған украиналық теңізшілерге қолдау көрсетіп, қажетті заттар мен азық-түлік апарды. Қажетті ақша Қырым, Украина және Ресейде жиналған.
«Әблязовке қарсы жауап бергендерді бостандыққа шығара ма?» - Мұхтар Әблязовтің қозғалысына қатысы бар деп айыпталған азаматтардың кемінде екеуі Әблязовтің уәдесіне сенбеуге шақырған соң бостандыққа шықты. Құқық қорғаушы оларда "таңдауға мүмкіндік" болмағанын айтады.
«Азаттықтың Қазақстандағы алғашқы тілшісі» - Желтоқсанның 2-і күні Алматыда қарт журналист Қиял Сабдалин ұзаққа созылған ауыр дерттен кейін 70 жасында өмірден озды. Азаттық радиосының Қазақстандағы алғашқы тілшісі болып істеген оны достары мен әріптестері қоғамдағы өзекті тақырыптарды батыл қозғайтын тапқыр журналист болды деп еске алады.
QAMSHY.KZ. «АҚШ пен Қытай басшыларының соңғы кездесуі немен аяқталды?» - Аргентина астанасы Буэнос-Айрестте өткен үлкен жиырмалық елдерінің кездесуінде төрткүл дүние көз тігіп отырған президент Трамп пен Ши төрағаның кездесуі болды. Екі жақты кездесу нәтижесінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 267 млрд долларлық сауда соммасына салынуға жоспарланған 25% кедендік салық әзірше сол 10% күйінде қалды.
«10 жылдан бері Кикабидзе неге Ресейге келгісі келмейді?» - «Мимино» киносы үшін 1978 жылы ССРО-ның Мемлекеттік сыйлығын, 1980 жылы Грузияның халық әртісі атанған Вахтанг Кикабидзе бұған дейін Кеңес одағының әнұраны мен елтаңбасын және орақ пен балға белгісін жек көретінін айтқан. Танымал әртістің бұл мәлімдемесі талайды таңқалдырғаны да рас.
INFORMBURO.KZ. «Ракты емдеуде әлем ғалымдарының соңғы жеткен жетістіктері қандай» - Обыр ісігін соңғы кезеңінде де емдеуге мүмкіндік туды", – дейді америкалық ғалымдар. Олар микроРНК процесі көмегімен обыр ісігі клеткаларын трансформациялаудың тәсілін тапқан. Бұл туралы ақпарат Nature Cell Biology журналында жарияланды.
365INFO.KZ «Бауыржан Момышұлы қазақты орынсыз сынағандарды орнына қойды» - Кейбіреулер қазақ жалқау дейді. Бұған сіз қандай көзқарастасыз?
«Түркімендер тамақ алу үшін үстіндегі киімін сатып жатыр» - Мемлекеттік мәгәзіндерде халық ұн алу үшін бірнеше күндік кезекте тұр. Оны базардан да алуға болар еді, бірақ базардағы бағалар удай.
ABAI.KZ. «Қазақ мұнайына қазақтан басқаның бәрі бастық» - Өткенде Қазақстандағы ірі мұнай компаниясына Қытай азаматы басшы болыпты деген әңгіме әлемжеліде сөз болды. Сөйтіп, іздеп қарасақ, расында солай екен. «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының бас директоры болып Лю Жиңшең деген тағайындалыпты. Әлгі Лю Жиңшеңнің нәмі қытай. Қазақ жерінде біраздан бері жүр. Жәй жүрген жоқ, басшылық қызметте жүр. «АйДан» дейтін компанияда президент, Бозашыда бастық болған. Әсірелегеніміз емес, қазақ мұнайын сорып, қазақтарға қожалық етіп жүр.
QAZAQTIMES.COM. «Қайырбек Арыстанбеков: Мұнай бағасының төмен болуы Қазақстан ұлттық қауіпсіздігі үшін өте қолайлы» - Әлемдік мұнай мен газда елеулі үлесі бар, халқы аз болғанымен табиғи ен байлыққа ие, тығыршықтай Катар атты ел бірнеше сағат бұрын ғана Мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан (ОПЕК) шығып кетті. Осы тұрғыда белгілі экономист Қайырбек Арыстанбековке хабарласып, әлемдік сауда мен саясат тұрғысындағы көкейдегі көп сауалды қойған едік.