Атырау, 26 желтоқсан 18:43
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Кеден жақсы нәтиже көрсетті

3 006 просмотра

Атырау облыстық кедендік бақылау департаментінің құқық қорғау блогының қызметкерлерін аттестациялаудың соңғы кезеңі аяқталды. 

- Жалпы департамент қызметкерлері біліктіліктің, физикалық және ұрыс дайындығының, сондай-ақ, психологиялық орнықтылықтың жоғары деңгейін көрсетті,- деп әңгімелейді Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінің қызметкері Жанар БАЙҒАЛИЕВА. – Аттестациялық комиссия жұмысына ҚР Кедендік бақылау комитетінің бақылаушысы қатысты. Комиссия құрамына «Нұр Отан» ХДП, Қазақстанның коммунистік халық партиясы, «Атамекен» Одағы мен облыстық кәсіпкерлер одағының өкілдері кіреді.     

Аттестация қорытындылары бойынша 21 қызметкер тиісті лауазымдарына лайықты болды, 2-уі – лайық болмай, басқа қызметке ауыстыру ұсынылды.

Ал Атырау облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығы Құрманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ аттестациядан үздік өткендігі белгілі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

22 тамыз 2012, 21:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.