Атырау, 26 желтоқсан 17:48
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Үкімге қарсы аштық жариялады

1 391 просмотра

16 тамыздан бастап Қылмыстық-түзету жүйесі департаментінің тергеу изоляторында сотталған үш жалған монета жасаушы аштық жариялады.

Сот үкімімен олар түрлі жаза мерзімдерін алған болатын.

- Аштық жариялаушылардың бірі қатаң режимде 9 жылға және басқа екеуі ерекше режимде 12 және 13 жылдан жаза алған еді, - дейді Атырау облыстық қылмыстық-түзету жүйесі департаментінің бастығы Дидар РАХЫМБЕРДИЕВ.  - Үкім жарияланғаннан кейін олар кассациялық шағым берді, бірақ үкім өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді. Сотталушылар сот шешімін қайта қарауды талап етіп, аштық жариялады.     

- Енді қалай, өздеріне назар аудартты ма? Мұндай жағдайда сіздердегі әрекет ету механизмі қандай?

- Біз оларға прокурорды, Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасын шақырдық.

- Әрі қарай не болады?

- Біз этапты күтіп отырмыз, бұйрық келген бойда жеткізу орындарына жібереміз.

- Бірқатар электронды БАҚ-тарда аштық жариялаушылардың бірінің өз-өзіне қол жұмсау әрекетін жасағандығы, ал қалғандарының ауыздарын тігіп тастағандығы туралы ақпарат жүріп өтті.

- Бұл жалған ақпарат. Оларды тексерушілер көп, мен, Қоғамдық бақылау комиссиясының жетекшісі, қадағалаушы прокурорлар бар... Тағы да ресми түрде ешқандай суицид әрекеті болған жоқ деп мәлімдеймін.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

 

БЕТ ҚАТТАЛЫП ЖАТҚАНДА: 21 тамыз күні таңертең редакцияға Д. Рахымбердиев хабарласып, аштық жариялау әрекетінің тоқтатылғандығы туралы хабарлады: -  Кеше кешкісін олар тамақ іше бастады. Қазір олар сабырға келді және этапқа дайын.

22 тамыз 2012, 21:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.