Атырау, 25 сәуір 04:17
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Тұрысбеков: "Шыңжаңдағы жағдайды білмедім"», «Президент алпауыт елдердің шиеленісіне алаңдайтынын айтты», «Грузия кезекті президентін сайлап жатыр», «Ұлттық бизнесте "бизнес-барлау" әдісін қолдану керек», «Атамбаевтың тиіспеушілік статусы - қыл үстінде».

2 252 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Тұрысбеков: "Шыңжаңдағы жағдайды білмедім"» - 27 қараша күні Алматыда Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков шетелден көшіп келген қазақтармен кездесіп, "Шыңжаңда қысымға ұшырадық" деп арыз-шағым айтушы этникалық қазақтардың басындағы жағдайды білмей қалғанын мәлімдеді. 

«Атамбаевтың тиіспеушілік статусы - қыл үстінде» - Қырғызстан депутаттары бұрынғы президенттерді тиіспеушілік құқығынан айыратын заң жобасын алдын ала мақұлдады. Заң біржола мақұлданса, Алмазбек Атамбаевтың жауапқа тартылуы мүмкін.

«Грузия кезекті президентін сайлап жатыр» - Грузия азаматтары қарашаның 28-і күні президент сайлауының екінші кезеңіне дауыс беріп жатыр. Бақылаушылар саяси науқан кезіндегі әкімшілік ресурсты қолдану және жалған ақпаратты жаппай тарату оқиғаларына назар аударады.

«Трамп пен Путин кездесуі өтпей қалуы мүмкін» - Керчьте ұсталған бірнеше украин теңізшісі қамалды. Керчь бұғазындағы оқиғаға байланысты Дональд Трамп пен Владимир Путин кездесуі өтпей қалуы мүмкін. Ресейлік БАҚ Украинаның шығысында АҚШ әскери базасының пайда болуы мүмкін екенін жазып жатыр.

INFORMBURO.KZ. «Ескі айыппұлдарды қалай жоюға болады? Автокөлік иелеріне нұсқаулық» - Егер ереже бұзсаңыз және біраздан бері атыңыздағы айыппұл төленбей тұрса, не істеу керек? Автокөліксүйер қауым айыппұлды басына түскен бір бәлекеттей көретіні рас. Әрине, айыппұл төлегіңіз келмесе, ең дұрыс жолы – жол ережесін қатаң сақтаңыз. 

«Ұлттық бизнесте "бизнес-барлау" әдісін қолдану керек» - Өнеркәсіптік-экономикалық шпионаж (экономикалық барлау) – әлемдегі ірі компаниялар арасындағы бәсекенің маңызды қаруы мен тәсілі.

QAZAQTIMES.COM. «Қазақ әдебиеті әлем тілдеріне қаншалықты сапалы аударылып жатыр?» - Жуырда Ұлттық кітапханада «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» атты кітап сериясының тұсауы кесілген болатын. 

ULT.KZ. «Президент алпауыт елдердің шиеленісіне алаңдайтынын айтты» - Елордада кеше басталған VІІІ Азаматтық форум бүгін жалғасын тапты. «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Әріптестік. Сенім» тақырыбы арқау болған бүгінгі жиынға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.


28 қараша 2018, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.