Атырау, 26 желтоқсан 18:14
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Атырауға сотталғандар жеткізілді

2 329 просмотра

Роза Төлетаева. Фотосурет "Азаттық радиосынан" алынды15 тамызда  2011 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздік күнінде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғаны үшін сотталған 11 жаңаөзендік Ақтаудан Атырауға этаппен жеткізілді.

Он ер адам мен бір әйел адам жалпы режимдегі колонияда жазаларын өтейтін болады.

- Негізгі бап – ҚР Қылмыстық кодексінің 241-бабының 2-тармағы («Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру»), - дейді Атырау облыстық қылмыстық-түзету жүйесі департаментінің бастығы Дидар РАХЫМБЕРДИЕВ.

Оларға 3 жылдан 6 жылға дейін түрлі мерзім берілген. Негізінен 30 жасқа дейінгі жастар сотталған, олардың ең кішісі 23 жаста.

Ереуіл қозғалысының танымал белсендісі, 48 жастағы Роза ТӨЛЕТАЕВА әйелдер колониясына орналастырылды. Ол тәртіпсіздіктерге дейін айқын азаматтық ұстанымымен танымал болатын. Ал 16 желтоқсаннан кейін оған Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушы рөлі белгіленген. Сотта МГӨБ-ның бұрынғы операторы алдын - ала тергеу кезінде азаптау барысында алынды деп берген жауабынан бас тартты.

Айыпталушылар орындығындағы 13 адамның ішіндегі жалғыз әйелді 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды. Барлық сотталушылар берген апелляциялық шағымдардың ішінен  тек соның ғана шағымы қанағаттандырылды. Оның жаза мерзімін 5 жылға дейін қысқартты.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

22 тамыз 2012, 19:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.