AZATTYQ.ORG. «Белсенділер "өлі реактор" үшін тариф өсіруге қарсы» - Маңғыстаулық бір топ азаматтық қоғам өкілі 20 жыл бұрын жұмысын тоқтатқан БН-350 атом реакторын сақтауға кететін шығынды электр қуаты тарифының сомасынан алып тастауды талап етеді. Олар тәуелсіз зерттеу жасау үшін АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігіне хат жолдап, билікке талап қойды.
«Баланы ұрған балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды» - Қырғызстанның Жалалабад қаласындағы балабақшалардың бірінде жұмыс істейтін тәрбиешінің үстінен қылмыстық із қозғалды. Балабақшада балаларды ұрып-соғу оқиғалары жиілеген тұста Қырғызстанда балабақшаларға бақылау камераларын орнату мәселесі қозғала бастады.
«Украина әскери жағдай жариялауға әзірленіп жатыр» - Азов теңізіндегі оқиғаға байланысты Украина елде 60 күнге созылатын әскери жағдай жариялауға дайындалып жатыр. Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Керчь бұғазында украин әскери кемелерін ұстағанын растады.
INFORMBURO.KZ. «Мұнай – қазақтың бағы ма, соры ма?» - Ұлттық экономикамыздың күре тамыры мен дамуымыздың басты үміті – мұнайдың бағалары қайта құлдырады. Лондон биржасында өткен саудалауда Brent маркасы 7,8 пайызға арзандап баррель құны 61 долларға, 7,5 пайызға төмендеген WTI маркасы 53 долларға жетті.
«Үкімет жаңа жыл мейрамына қарсы елімізде азық-түлік бағасын қымбаттатпауды қатаң бақылауға алды» - Үкімет жаңа жыл мейрамына қарсы елімізде азық-түлік бағасын қымбаттатпауды қатаң бақылауға алды.
ABAI.KZ. «Ұмытылмас Желтоқсан» - Ресми түрде әзірге «1986 жылғы 17–18 желтоқсан оқиғасы» деп аталатын тарихи белесті Алматыдағы қазақ жастарының СОКП ОК-нің өктем озбырлығына қарсылық танытып ереуілдеуі, өкіметтің оны қарулы күшпен дөрекі түрде басып-жаншып, тұрпайы озбырлық көрсетуі барысында ереуілдің ушығып, саяси көтеріліс дәрежесінде өрістеуі және сол реңкімен санаға сіңіп, тарихта терең із қалдырған дүрбелеңді күндер деп білеміз.
TURKYSTAN.KZ. «Балапанның қанатынан төнген қауіп» - Жуырда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мектептердегі тексерудің қорытындысын жариялады. Келтірілген деректерге сүйенсек, 4 мың асхана стандартқа сай болмай шықты.
JASQAZAQ.KZ. «Тақиялы періште: тақиясы табылмай тұр» - Жетісу жұрты «Тақиялы періште» фильмінде Тайлақты сомдаған Әлімғазы Райымбекпен әрдайым мақтанады. Кезінде тақиясымен де тамсандырған актердің, бүгінде зейнет жасындағы қарияның қатысуынсыз ешқандай шара өтпейді.