Атырау, 26 желтоқсан 18:28
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

5 адамды өлтірген қырғыз шекарашысы қаза тапты

2 424 просмотра

Таяуда өзінің төрт қызметтесі мен олардың біреуінің әйелін өлтірген Ыстықкөл облысы, Қаракөл шекара жасағы «Эчкили-Таш» заставасының сарбазы оны ұстау операциясы барысында қаза тапты.

«Бұл туралы Қырғызстан Шекара қызметінің баспасөз хатшысы  Гүлмира Борубаева мәлім етті» деп хабарлайды РИА Новости. Дүйсенбі күні таңертең қатардағы сарбаз, 1993 жылы туған, 2011 жылдың күзінде әскер қатарына шақырылған Балбай Құлбаратұлы  табельдік қарудан оқ атып, келісімшарт  бойынша қызметін өтеп жатқан өзінің төрт қызметтесін өлтірді: 37 жастағы Мирлан Мамытов, 24 жастағы Саадатбек Тоқтоғұлов, 30 жастағы Рысбек Қанатбеков, 25 жастағы Бақыт Қадыров пен оның әйелі қаза тапты. Кейін бекет басшысының «Нива» автокөлігі мен қаруын алған ол қайғылы оқиға орнынан бой тасалаған. Оны ұстау үшін құқық қорғау органдары қызметкерлерінен құрылған арнайы іздеу тобы құрылды. 

Бүгін таңертең қашқын Ыстықкөл облысының Ақ-Суй ауданындағы шатқалдардың бірінде табылды. «Ұстау кезінде күдікті қарсылық танытып, соның салдарынан іздеу тобы тарапынан атылған оқтан қаза болды», - деді Борубаева.

Айта кетейік, шекара бекетіндегі төтенше жағдайға байланысты Қырғызстанның Қылмыстық Кодексінің 97-бабы – «Кісі өлтіру», 172-бабы –«Автокөлік пен өзге де автомотокөлік құралын заңсыз иемдену», 245-бабы– «Қару-жарақты ұрлау» мен 360-бабы – «Дезертирлік» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

1tv.kz

21 тамыз 2012, 18:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.