AZATTYQ.ORG. «Президент сайлауы мерзімінен бұрын өтуі мүмкін бе?» - Қазақстан билігінің соңғы кездердегі түрлі әрекеттерін кей сарапшылар "мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауының нышаны" деп санайды. Олар биліктің халыққа ұнамды іс-шараларды сайлау алдында көбейтетінін айтады. Мұндай пікірмен келіспейтіндер де бар.
«Украина халқының ұмытылмас қасіреті» - Украинада совет билігі кезінде миллиондаған адам ажал құшқан Голодомор қырғынына 85 жыл толды. Украина мен тағы 15 ел ашаршылықты геноцид деп таныған. Ресей билігі мұнымен келіспейді.
«Любовь Чубукова: "Есірткіге тәуелділер жүктілігі - ешкімге қажет емес тақырып"» - Қарашаның 25-і – әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күні. "ВИЧ-пен өмір сүретін қазақстандық адамдар одағы" өкілі Любовь Чубукова Азаттық тілшісімен талқылаған зорлық-зомбылық түрін "ешкімге қажет емес тақырып" деп атайды.
«"Жасыл энергияға" өту Қазақстанның мұнайдан түсетін кірісін кемітуі мүмкін» - Батыс баспасөзі Қазақстанға "жасыл энергияға" біртіндеп өтудің салдарын жұмсартуға қатысты кеңес беріп, "постсоветтік елдер" терминін қолданудан бас тартуды ұсынған және қазіргі алманың түп төркіні - Алматы маңында өсетін Malussieversii түрі туралы жазған.
«Азов теңізіндегі оқиға: Украина әскери жағдай жариялағысы келеді» - Азов теңізіндегі оқиғаға байланысты Украина елде 60 күнге созылатын әскери жағдай жариялағысы келеді. Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Керчь бұғазында украин әскери кемелерін ұстағанын растады.
QAMSHY.KZ. «”Жағымпаздардың”» қара тізімін жасайтын уақыт жеткен сияқты!..» - Қазақта «қызды сөз аздырады, алтынды жез аздырады» деген мағынасы тым тереңде жатқан керемет бір қанатты сөз бар.
«Шыңжаң сапары: Даниал Ахметов Қытайдағы қазақтарды құтқаруға барды ма?» - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Қытайдың Шыңжан –Ұйғыр автономиялық аймағында жүр. Алайда әкімшіліктің жұмыс сайтында аймақ басшысының Қытайға барғаны туралы бірде бір ақпарат жоқ. Даниал Кенжетайұлының «қытайшылап» кеткенін бейресми ақпарат көздерінен ғана естідік. Ахметов Қытайға не үшін барды? Бірақ аймақ басшысының қайда сапарлағанын жұртшылыққа жария етуге жарамай отырған әкімшіліктің бұл сайтының жұмысын біз сапалы дей алмадық.
ABAI.KZ. «”Вообще қиын адамдар, бұлар”. Қауымдастық қандастардан “қиындық” көріп отыр ма?» - ДҚҚ Алматы филиалының басшысы - Айбөпе Мақұлбекқызы. Атағы Алатаудай болғанымен, атқарар ісі тарыдай ғана «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» деген ұйым бар. Бәріміз білетіндей, қауымдастық 1992 жылы жер бетіне тарыдай шашырғаған қазақтың жоғын жоқтайды деген үмітпен құрылған болатын. Алғаш құрылған жылдары қазақ үшін көп қызмет атқарды делінетін ұйымның бүгінде бар-жоғы білінбейді.
INFORMBURO.KZ. «2019 жылы зейнетақы жүйесінде қандай өзгерістер күтіп тұр?» - Келер жылдан бастап әйелдер 59 жасында зейнетке шығады. Олар 2027 жылы зейнеткер атанатын әйелдерден гөрі "бақытты".
«Қазақ отбасында ажырасу үйреншікті жағдайға айналып бара жатыр» - Ұлттық құндылықтардан ажырап бара жатқандықтан отбасылардың ойраны шығып, ажырасу жылдан жылға көбейіп, арадағы бала тағдыры тәлкекке түсіп жатыр.