Атырау, 28 қараша 23:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ащы су достан айырды

3 594 просмотра

Асылбек М. және  Серік Д. бір-бірімен жақсы дос болатын.  Екеуі де құрылыста жұмыс жасады. Олар Серіктің туысқан ағайының бір бөлмесінде тұрды. 15 наурызда достар вокзал маңындағы кафеде отырып, ішімдік ішеді.  Артынша Серік үйіне кетіп қалған. 

…Табалдырықтан аттай сала, Асылбек өзіне есікті ашқан досын кафеден ерте кетіп қалғаны үшін сөге бастады. Серік оның өзін балағаттап тастады. Асылбек сол сәтте кіреберістегі шкафта жатқан ас үй пышағын алып, досының кеудесіне салып кеп жіберді. Кейін үйден шығып, пышақты қардың астына тығып тастады. Үйге қайтып келген ол үйдегі қонақтармен бірге арақ ішуін жалғастырды.

Дастархан басында отырған ер адамдар үй иесінің достары болатын. Сәлден соң үйге дүкенге арақ үшін кеткен үй иесі оралды.

- Серік неге кіреберісте жатыр?– деп сұрады шөлмектің аузын ашып жатқан ағасы.

-  Ол удай мас,– деп жауап берді Асылбек.

Бірнеше сағаттардан кейін мазасызданған үй иесі  «Серік есік аузында жатып тоңып қалар» деп, оны қонақ бөлмеге кіргізбекші болды. Жігіттің қолын көтерген бойда ол не болғанын бірден түсінді. Шақырылған жедел жәрдем оған ештеңе істей алмады, Серік әлдеқашан көз жұмған еді.  

Сотта Асылбек жасаған ісін ішінара мойынына алды. Бірақ, оның айтуынша, пышақты алған Серік оны Асылбекке кезенген. Айқаса кеткен олар еденге құлап, жұлысып жатқанда пышақ Серіктің кеудесіне қадалған.

Сот-психиатриялық сараптама Асылбекті психикалық жағынан дені сау, қауіптіліктің барын білген, бірақ, досының ажалына жол бермеу шараларын алмаған деп таныды. Наркологтар да Асылбектің есірткіге және ішімдікке құмарлығы жоқ екенін және атаулы жағдайларға ғана орай ішетіндігін мәлімдеген.  Сот Асылбекті ҚР ҚК 96 («Кісі өлтіру») бабында қарастырылған қылмысты жасады деп айып тағып, оған қатаң режимдегі колонияда 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 тамыз 2012, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.