Атырау, 26 желтоқсан 11:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Бахромның дегені болмады

1 974 просмотра

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық соты  ҚР ҚК 259-бабының 1-1 тармағы  («Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды сату мақсатынсыз көп мөлшерде сатып алу немесе сақтау») және 250-бабының 4-тармағы («ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарды заңсыз өткізу») бойынша айыпталған 45 жастағы Өзбекстан азаматы Бахром ЖҰМАБАЕВҚА үкім шығарды. 

Өткен жылдың 5 желтоқсанында Б.Жұмабаев белгісіз тұлғалардан сату мақсатынсыз Міскін стансасынан (Өзбекстан) 65 мың теңгеге 1,444 грамм героин сатып алып, Ташкент-Санк-Петербург бағытындағы пойызға отырған. Ол жұмыс іздеп, Тверге дейін жетпек болған. Келесі күні ол Теңдік-Атырау бекеті арасында желілік полиция бөлімшесі қызметкерлерінің қолына түсті. Жұмабаев тамбурда 1 000 сомдық купюрға оралған героинді тартып тұрған. Сондай-ақ, оның шалбарының оң жақ қалтасынан тағы да ақшыл-сарғыш түсті бұршақтың үлкендігіндей 3 түйіршікті тапты. Сараптама мұның героин екендігін анықтады.

Сот Жұмабаевқа қатаң режимдегі колонияда 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 тамыз 2012, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.