Атырау, 26 желтоқсан 12:36
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

ІІД басшысы тағайындалды

2 727 просмотра

20 тамызда ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Амантай КҮРЕҢБЕКОВ облыстық ІІД-нің жеке құрамына жаңа бастықты – Арман Кеңесұлы ЖАЛМҰХАНБЕТОВТІ (суретте) таныстырды.

А. Жалмұханбетов 1961 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген, полиция генерал-майоры. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебінің түлегі. Еңбек жолын Қарағанды ҚІІБ-нің №223 бөлімшесінде пост қызметінен бастаған. Алматы қаласының Мәскеу, Әуезов, Калинин аудандық милиция бөлімшелерінің жедел қызметтерінде еңбек еткен. Әр жылдары ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі орталық басқармаға, Астана ҚІІБ-на, ІІМ әскери-тергеу департаментіне, көліктегі орталық ІІД, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының ІІД-не басшылық еткен.

Атырау облыстық ІІД-нің бұрынғы бастығы Рахмаджан ДОСАНОВ туралы А. Күреңбеков оның ІІМ-нің кадрлық резервінде екенін, бірақ кешікпей басшылық орындарының біріне тағайындалатынын хабарлады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

21 тамыз 2012, 13:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.