Атырау, 20 сәуір 14:41
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Ресей мен Қытайдың аз ұлттарды ассимиляциялауы: салыстыру», «Өмір сүруге аса қолайсыз аймақтарға Үкімет қашан мойын бұрады?», «Өз жерімізде өзімізді төменге қояды…», «Былықтарын жайып салам…», «Ауырып тұрса да…».

2 540 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Ресей мен Қытайдың аз ұлттарды ассимиляциялауы: салыстыру» - Азаттықтың "Idel.Реалии" сайты философ әрі публицист Максим Горюновпен үгіт-насихат әдістері және Ресей мен Қытайдың этникалық топтарды ассимиляциялау саясатындағы айырмашылықтар туралы сөйлесті.

«ВИЧ жұқтырғандар емделуден неге бас тартады?» - Түркістан облысы және Шымкент қаласында ВИЧ жұқтырған кейбір тұрғын бойларында бұл инфекцияның бар екеніне сенбейді. Дәрігерлер он жыл ішінде пациенттердің әлеуметтік портреті өзгергенін айтады.

QAMSHY.KZ. «Өмір сүруге аса қолайсыз аймақтарға Үкімет қашан мойын бұрады?» - Нарықтық  экономикаға көшкелі бері қазаққа тағылатын негізі айыптың бірі – "қазақ – жалқау" деген сөз. Нарықтың қыр-сырын меңгергені бар, меңгермегені бар, көпшілігі әйтеуір жолы болмаған, тасы өрге домаламаған қазақты көрсе, «қазақ – жалқау» деп шығады. 

«"Бомба қойылды" деген хабарды естіген журналистің әрекеті жұртты тәнті етті» - Гүлвира Биғалиева - Ретро FM радиосында хабар жүргізушісі. Радио орналасқан ғимаратқа "бомба қойылды" деген ақпаратты естісе де, Гүлвира жұмыс үстелін тастап, ат-тонын ала қашқан жоқ. Халыққа маңызды жаңалықты жеткізуге асықты.

365INFO.KZ «Өз жерімізде өзімізді төменге қояды…» -  Ринат Зайытов ашынып, ашығын айтты. Ринат Зайытов көптен бері айтысқа қатыспауының себебін түсіндірді. Ақынның айтуына қарағанда, аймақтардағы жағдай баз-бұрынғыша.

«Былықтарын жайып салам…» - Атамбаев Жиенбековті сатып кетті. Енді ол өзінің ізбасары Сауранбай Жиенбековке оңбағандық жасауда. Сөйтіп, өткен президент сайлауындағы барлық былықтарды жәрия еткен ол елдің саяси ортасын дүрліктіруде.

«Ауырып тұрса да…» - Димаштың әкесі Лондондағы жайсыз жайтты айтты. Қанат Айтбаев ұлының алғашқы жеке ән кешін ұйымдастыруға көмектескен жандарға алғыс білдірді.

«Пантеонның түбі рулық мазарға айналып кетпесін…» - «Ақ мола» деп жалпақ тілмен айтып отырғанымыз – Астанадағы Ұлттық пантеон. «Ақсүйектер» деп отырғанымыз – ғайыптан көздері жұмыла қалса, сонда арнайы жерленетін шенді шенеуніктер армиясы.

  QAZAQTIMES.COM. «Қытай басшысының Панама сапары – Оратылық Америка үшін талас» - Панама президенті бейсенбі күні өз сарайында баспасөз мәлімдемесін жасап, Қытай төрағасы Ши Жинпиң желтоқсанның бас шенінде Панамаға сапарлай келетінін, тараптар екіжақты қатынастарды нығайта түсетінін жеткізді. 

AIKYN.KZ. «Шәкәрімнің сүйегі салынған шабадан» - Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Шәкәрімнің сүйегі салынған шабаданның таныстырылымы өтті.

TURKYSTAN.KZ. «Мақпал Жұмабай: “Қазіргі балалар – кішкентай данышпандар”» - balapan кішкентай көрермендердің сүйікті телеарнасына айналғалы сегіз жыл. Осы уақыт ішінде телеарна биікке қанат сермеп, белгілі бір деңгейде өсті. Талайдың balapan арқылы тілі шығып, таным көкжиегі кеңейді. Біз balapan телеарнасы тізгінін қолына алып, бірталай ұлттық жобаны өмірге әкелуге күш салып жүрген Мақпал Жұмабай ханымды әңгімеге тартқан едік.  


23 қараша 2018, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.