20 тамызда облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ өз аппаратының басшысы мен үш орынбасарын тағайындады.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ болды.Облыс әкімі аппаратының жетекшісі болып, бұрын Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Әлимұхаммед ҚҰТТҰМҰРАТ, облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бұрынғы жетекшісі болып еңбек еткен Шыңғыс МҰҚАН, облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ