Атырау, 19 желтоқсан 02:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Бекітілген әліпбидегі түзетілуі тиіс ең үлкен 10 кемшілік», «Қарин: “Бүгінгі мақаланың ойы неде?”», «Ашаршылық. Қырылған қазақтың саны қанша? Саяси баға қашан беріледі?», «Қазақ телеарналарын орыс тілді БАҚ-қа кім жығып беріп отыр?», «Валюталар майданы».

3 324 просмотра

QAMSHY.KZ. «Бекітілген әліпбидегі түзетілуі тиіс ең үлкен 10 кемшілік» - Латынға көшудегі ұлы мұрат қазіргі заманғы технологиялық ортаны, коммуникацияны, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктерін алға тарта отырып, түркі дүниесімен рухани жақындасу және орыс тілінен күштеп енгізілген басы артық әріптер мен кирилдегі тіл бұзар емле-ережелерден құтылу болатын. Осындай мақсатты көздеген А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдарының жиырма жылдан аса тер төккен зерттеу жұмыстарының нәтижелері елеусіз қалып, 2018 жылдың 19 ақпанында ҚР Президенті жарлығымен (апостроф нұсқасына айтылған сын-пікірлерден кейін екі-үш айда дайын болған) акут нұсқасы бекітіліп кете барды.

INFORMBURO.KZ. «Ашаршылық. Қырылған қазақтың саны қанша? Саяси баға қашан беріледі?» - Ашаршылық, қысым, соғыс, қуғын-сүргін туралы нақты сандар не дейді? Шындыққа жақыны қайсы?

«Қазақстанда жұмысшы құқығы туралы не білу керек?» - Қазақстанда жұмысшының құқықтары аз емес. Informburo.kz жұмысқа тұрғанда, жұмыста және жұмыстан шығарда қандайда бір мәселеге тап болмаудың жолын түсіндіреді.

«Тасбақа сауытындағы табыс» - Аты-жөні Америка мен Азия жұртына бірдей таныс Ләйла Ахмет-Османмен алғаш жолыққандағы әсеріміз осындай еді. Оның бет-бейнесі мен кескін-келбеті, дене бітімі мен тал бойы, өзін ұстауы мен сөйлеу мәнері... бәрі-бәрі шығыстың шырайын аңғартқан. Әрі-беріден соң дүниеге келген кезінде оған атты қалай дәл тауып қойғанына таң қалмасқа амал жоқ.

DALANEWS.KZ.  «Қарин: “Бүгінгі мақаланың ойы неде?”» - Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы ел арасында терең талқылаулар мен қызу пікірталасқа үлкен негіз болмақ.

«Бізге тарих арқылы, өзіміздің болашағымызға жол салу қажет» - Саясаттанушы Ерлан Саиров Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» аталатын мақаласына қатысты пікір білдірген екен.  

AZATTYQ.ORG. «Шымкентте әлі совет паспортымен жүргендер бар» - Шымкент қаласында жыл басынан бері төлқұжаты мен жеке бас куәлігі жоқ жүздеген адам анықталған. Азаттық СССР кезіндегі паспортынан өзге құжаты жоқ тұрғындардың не себепті осындай күйге душар болғанын зерттеп көрді.

«Ресей мектептерінде Путинге қарсы флешмобтар жиіледі» - Ресей мектептерінде президент Владимир Путинге қарсы флешмобтар жиіледі. Флешмобтың мәні мынада: оқушылар мен студенттер тақтаға немесе дәптерге "Путин - ұры" деп жазып, әлеуметтік желілерде таратады. Оқушылардың флешмобқа қатысты пікірлері әртүрлі.

«Өзгеріс: Украинадағы "Еуромайдан" толқуы» - Киевтен басталып, тұтас Украинаны дүр сілкіндірген "Еуромайдан" толқуына бес жыл толды.

TURKYSTAN.KZ. «Валюталар майданы» - Әлемдік сауда-саттықтың 70-80 пайызы доллармен жасалады. Ешқандай алтын қорына байланбаған «жасыл қағаздардың» соңғы елу жылда ғаламдық экономикаға ықпал ету тетігіне айналғаны жасырын емес. 

QAZAQTIMES.COM. «Қазақ телеарналарын орыс тілді БАҚ-қа кім жығып беріп отыр?» - Алматы қаласында БАҚ нарығын дамыту мәселелеріне арналған «ХІ-MEDIA құрылтай» конференциясы өтті. Құрылтайда «Қазақстанның медиа нарығы: жыл сайынғы кәсіби тексеру және диагностика», «Цифрлік дәуірдегі Қазақстан телевизиясының аудиториясы», «Қазақ тіліндегі БАҚ-тың шынайы жағдайы мен келешегі» сияқты өзекті мәселелер талқыланды. 


22 қараша 2018, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.