19 тамызда Астанада футболдан еліміз чемпионатының 20-турының матчында «Астана» командасы «Атырауды» 5:0 есебімен жеңіп кетті.
Матч Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Геннадий Плотниковты үнсіздікпен еске алумен басталды. Бірінші матчта біздің қақпаға доп бұрыштан соғылды. «Атырау» қорғаушылары айып алаңынан допты соққанымен оны алаң қожайындары қағып үлгерді. Виктор Дмитренко қалт кеткен жоқ.
Екінші гол бірінші таймға берілген қосымша уақыттың ішінде салынды, көзге Сергей Остапенко түсті, есеп – 2:0.
Екінші тайм басталған уақытта астаналықтар үшінші голды айып алаңынан салды. Ол ДамирКояшевичтің еншісінде.
Төртінші голдыҰлан Қонысбаев салды. Біздің голпикер Сергей Бойченконың добы алдымен бірінші қақпа бағанасына кейін екіншісіне соғылды.
Қосымша берілген уақыт ішінде Марат Шахметов алаң иелерінің қапталға соғылған шабуылын баспен соғып аяқтады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ