Атырау, 20 сәуір 18:25
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Украина сабағы: Еуромайдан және Қазақстан қоғамы», «Атамбаев Қазақстанмен арадағы дауды еске алды», «Қонақбаевтың қателігі. Қазақтың жауы – жүзшілдік те, рушылдық та емес...», «Қазақ генофондының құпиясы қашан ашылады?».

2 495 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Украина сабағы: Еуромайдан және Қазақстан қоғамы» - Украинада айлар бойы жалғасқан "Еуромайдан" деген атпен белгілі жаппай наразылықтың басталғанына бес жыл толды. Оның Қазақстанға қандай ықпалы болды? Кремль насихаты қаншалықты қауіпті және "түрлі-түсті революциялар" еліне қазақстандықтар неге бейжай қарайды?

«Атамбаев Қазақстанмен арадағы дауды еске алды» - Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев "Апрель" арнасына берген сұхбатында өзі басқарған тұста Қазақстанмен арадағы жағдайдың ушығу себептеріне тоқталған. Қырғызстан социал-демократиялық партиясының жетекшісі бұған қоса, Жээнбековке қатысты соңғы кезде туындаған "қаржы дауы" туралы да айтқан.

«Жарылған үй тұрғындары "салғырт билікті" сөкті» - Қарашаның 20-сында Жаңаөзендегі өткен сенбі күнгі газ жарылысынан құлаған үйдің тұрғындары мен қала билігі журналистермен кездесті. Құлаған үй тұрғындары биліктің назарына әлеуметтік желіге салған видео арқылы ілінгендерін айтты.

«Мәскеулік студент лагерьдегі жақындарының бостандығы үшін күресіп жүр» - Мәскеу мемлекеттік университетінде оқитын қазақ студенті Бота Құсайын Қытайда саяси лагерьде қамауда отырған әкесі мен әжесінің жағдайы туралы Twitter-де жиі жазып, халықаралық басылымдар мен ұйымдардың назарын аудартты. Құқық қорғау ұйымдарынан көмек сұраған студент БҰҰ-нан жауап күтіп жүр.

QAMSHY.KZ. «Қонақбаевтың қателігі. Қазақтың жауы – жүзшілдік те, рушылдық та емес...» - ...Қамсыз қазақпыз. Ешқашан асықпаймыз. Кешкі сағат жетіге шақырылған тойға – сағат онда асықпай барамыз... Сабырлы жұртпыз ба, әлде ерте туып, кеш қалған халықпыз ба?..  Күні кеше спорт серкеміз Серік Қонақбаев Әлемдік бокс Федерациясының басшылығына кандидат болуға кешігіп тіркелді. Әйтеуір, әупірімдеп, сауаты мен заңның арқасында бәйгеге түсіп еді, өзбектен жеңіліс тапты. Сол жеңілістің себебі – бірінші айналымға кешігуде емес пе екен? Бәлкім, ала тақиялы бауырымыз алғашқы аттаныста-ақ алыптардың аузын алып, келісім қылып, қол қысып қойған шығар?!.

«Кезінде «Борат» деп мысқылдағандар қазақ баласына алғысын боратты» - Лондонда жеке концертін өткізген Димашқа Британ елінің халқы ерекше құрмет жасады. Тіпті «сұмдық» құрмет жасады десек те болады. Жаратқан жар болсын Қазақтың осы баласына! Кезінде қазақ жұртын атышулы "Боратқа" теңеп, мысқылдағандардың ұрпақтары мен жұрты Димашқа қалай табынып кеткенін өздері білмей де қалды. Оларды Димашқа табындырған қазақ баласының бойындағы таза қасиеті, болмысы, саф алтындай өнері, мінезі мен табиғаты. Бұл жерде қазақ баласының мәдениеті мен салт-дәстүріне негізділген сәлемі, шынайылығы әлдеқайда көзге басылып, шетелдік жұрттың мысын басып отырды. Димаш оң қолын кеудесіне қойып, қазақы дәстүрмен, қазақ баласына тән әдеппен, шын пейілмен ағылшын жұртына сәлем беріп жатты. Ешбірінің көңілін қалдырмай, жеке жеке суреттерге де түсіп жатты. Мұның барлығы кеңпейілдік пен тазалықтың белгісі.

«Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың жеті қыры» - Бүгін Ақорданың ресми сайтына Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы жарияланды. Аталмыш мақаланы Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады.

ABAI.KZ. «Он мыңға жуық Отандасымыз елден кеткен» - Алдыңғы буын Тәуелсіздік алған 1990 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайының өте төмен болғанын айтып жатады. Алайда, халық ол кездегі қиындықтарды уақытша деп түсінді. Мемлекет қабылдаған әр бағдарламаға баладай қуанып, имандай сенді. Себебі, елдің ертеңге деген сенімі күшті еді. Ал, қазір ше?

INFORMBURO.KZ. «Қазақ генофондының құпиясы қашан ашылады?» - Қазақтың генофонды осыдан 500 жыл бұрын қандай өзгеріске түсті? Бұл – ғалымдар үшін зерттелмеген тақырып.


21 қараша 2018, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.