Қарағандыдағы бокс орталығына олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің есімі берілетін болып шешілді. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов мәлім етті.
«Спорттағы керемет жетістіктерін есепке ала отырып, Қарағандыдағы бокс орталығына С. Сәпиевтің аты берілді», деді облысы басшысы кеше кешке «Шахтер» стадионында өткен Спорт күні құрметіне арналған шарада.
Сондай-ақ, Ә. Құсайынов тұңғыш реті «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы тағайындалғанын, оның нөмірі бірінші иегері С. Сәпиев, ал екіншісі оның жаттықтырушысы Александр Стрельников екенін мәлімдеді.
Спортшылар мен олимпиадашыларды құттықтау үшін мыңдаған қарағандылықтар стадионға келді. Құрметті қонақтардың арасында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметов те болды.
Салтанатты шара барасында облыс әкімі барлық қарағандылықтардың атынан С. Сәпиевке Toyota Land Cruiser 200 көлігінің кілтін, ал А. Стрельниковке 3 млн. теңгенің сертификатын табыс етті.
Сонымен қатар, ХХХ Лондон олимпиадасына қатысқан 11 қарағандылық спортшы да Құрмет грамоталарымен марапатталып, сыйлыққа алтын сағаттар алды.
«Мені және олимпиадашыларды қолдауға келген барлықтарыңызға көп рахмет! Сіздердің теледидар алдында, алаңда, үлкен экрандар алдында бізге жанкүйер болғандарыңызды жақсы білемін. Мен Олимпиадада сіздердің қолдауларыңызды әрдайым сезініп жүрдім. Менің жеңісім - күллі Қазақстанның жеңісі!» - деді С. Сәпиев жерлестері мен бүкіл қазақстандықтарға ризалығын білдіріп.
«Бұл жеңісім 17 жыл бойы аямай төккен терімнің арқасында келді. Менде жеңістер де, жеңілістер де болды. Қазір сахнада өкінішке қарай олимпиада жүлдесін ала алмаған спортшылар тұр. Мен соларды қолдап, болашақта жеңіс тілегім келеді. Олар бұдан былай да Отандары үшін еңбек ете берсін!» - деді тағы да Олимпиада чемпионы.