Атырау, 13 қазан 06:46
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Илья Ильинге 500 мың доллар тарту етілді

2 778 просмотра
Қазақстанда Лондон Олимпиадасының чемпиондары мен жүлдегерлеріне құнды сыйлықтар тарту етіліп жатыр.
ҚазТАГ хабарлағандай, Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов спортшыға 75 миллион теңгелік сертификатты табыс етті. «Илья Ильин – біздің мақтанышымыз. Біз оның біздің жерімізде өсіп-өнгенін мақтан тұтамыз және Илья үш дүркін Олимпиада чемпионы атанып, бізді тағы да қуантады деген үміттеміз», - деді Қуандықов. Сондай-ақ, әкім бокстан қола жүлдегер Марина Вольноваға Renault Crossover  көлігінің кілтін ұстатты.
Лондоннан медаль бұйырмаған спортшылар да назардан тыс қалмады. Ауыр атлет Александр Зайчиков пен жеңіл атлет Виктор Лептиков 300 мың теңгеден алды. Ауыр атлет Алмас Өтешов пен еркін күрестің балуаны Дәулет Ниязбековке 1 миллион теңгеден берілді.
20 тамыз 2012, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.