Алдын-ала болжағанымыздай, Бергей РЫСҚАЛИЕВТІҢ денсаулық жағдайына байланысты-мыс отставкасынан соң және Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТЫҢ Атырау облысының әкімі болып тағайындалғаннан кейін ауыс-түйістер жалғасты.
Бейресми дереккөздерінен облыс әкімінің орынбасары Мереке ИСМҰРАТОВ, облыс әкімі аппаратының жетекшісі Асқар ДОСБАЕВ және Атырау қаласының әкімі Асқар КЕРІМОВТІҢ өз лауазымдық орындарын босатқандары белгілі болды.
М.Исмұратовтың қабылдауындағы хатшы бұл ақпаратты растады. А.Доспаевтың хатшысы бастығының бүгін жұмыс күнінің соңына дейін болмайтынын мәлім етті. Ертең бола ма деген сауалға – жоқ деп жауап берді.
Жұмыс орнында отырған Атырау қаласының әкімі А.Керімов ғана болды. Алайда онымен сөйлесу мүмкін болмады. Оның жұмыстан кету туралы арыз жазғандығы белгілі, бірақ процедура бойынша, ол саяси мемлекеттік қызметкер ретінде қалалық мәслихаттың келісімі мен өзге де кардлық шешімдерді күтуге тиісті.
Облыстық ішкі саясат басқармасында баспасөз хатшысының міндетін атқарушы (облыстық әкімдікте ондай штат болмаған еді) отставкалар мен жаңа тағайындаулар туралы ресми бұйрықтың келмегендігін мәлімдеді.
Облыс әкімінің басқа орынбасарларының ішінде - Болат ДАУКЕНОВ орнында отыр. Үш орынбасары - Асқар ӘБДІРОВТЫҢ, Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВАНЫҢ және Серік АЙДАРБЕКОВТІҢ бірде-біреуінің телефондары жауап бермеді.
Бір қызығы, Атырау облысы әкімінің сайтында әкім туралы ақпарат жаңартылған. Облыс әкімінің бетшесінде Бақтықожа Ізмұхамбетовтың суреті тұр. Ал орынбасардың бетшелерінің бәрі бұрынғы күйінде қалған.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА