Атырау, 29 наурыз 10:35
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Түрмедегі диссидентке зат кіргізу қиындады», «Қазақ билігі Желтоқсанды қашан көтеріліс деп таниды?», «Сотталған кітапханашы: "Түсіме кітапхана кіреді"», «Марғұлан Сейсембай: “Шетелде тұратын қызымды Қазақстанға қайтара алмай жүрмін”».

2 388 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Түрмедегі диссидентке зат кіргізу қиындады» - Белсенділер ұзақ мерзімге сотталған диссидент Арон Атабекке жылы киім-кешек жібере алмай жүр. Мұны растаған колония басшысы қамау шарты бойынша Атабектің сәлемдеме алуына тыйым салынғанын айтты.

«Каримов музейін жөндеген жұмысшылар жалақысыз қалды» - Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтің музейін жөндеген құрылысшылар он ай бойы жалақыларын алмаған. Каримовтің ескерткішін тұрғызған мүсінші де әлі күнге дейін гонорарын ала алмай отыр.

«Сотталған кітапханашы: "Түсіме кітапхана кіреді"» - Экстремизм бойынша сотталып, "қара тізімге" енген мәскеулік кітапханашы Наталья Шарина Азаттық тілшісіне берген сұхбатында соңғы бір жарым жылын қалай өткізгені туралы баяндайды.

«"Толеранттықтан" гөрі "адамгершілікті" ұнатамын» - Қарашаның 20-сы – кісі қолынан қаза тапқан трансгендер адамдарды еске алу күні. Бұл күні трансфобия салдарынан опат болғандарды еске түсіреді. Бұл күннің халықаралық деңгейде аталып өтуіне трансгендер әйел Гвендолин Анн Смит мұрындық болған. Ол 1998 жылы Массачусетстегі пәтерінде өлтірілген музыкант әрі трансгендер әйел Рита Хестерді тарихта қалдырғысы келген.

ABAI.KZ. «Санадағы “көкектер”» - Сондықтан “Ештен, кеш жақсы”-деген дала философиясымен балаларыңыздың, болмағанда, немерелеріңіздің алғашқы тілін “әкем, анашым”, “атам, әжем”- деген қасиетті қазақ тілімен шығарыңыздар. “Он мың шақырымдық алыс жол, алғашқы қадамнан басталатынын” ұмытпаңыздар ағайын.

«Қазақ билігі Желтоқсанды қашан көтеріліс деп таниды?» - Әлемде 200-ден астам тәуелсіз мемлекет болса, солардың әр қайсысының тарихи өтпелі кезеңі бар. Соның ішінде біздің халқымызға, қазақ халқына да егемендікке қол жеткізу оңайға түскен жоқ. Қазақ даласында 300-ден астам үлкенді-кішілі көтереліс пен бас көтерулер болған. Соның барлығына дерлік нүкте қойған - Алматыдағы, 1986 жылы болған Желтоқсан көтерілісі.

INFORMBURO.KZ. «Рухани жаңғыру мен қаңғыру» - Бірер аптадан кейін Тәуелсіздіктің 27 жылдығын атап өткелі жатырмыз. Өкінішке қарай жыл сайынғы қалыптасқан жағдайдың биыл да қайталанатын түрі бар.

QAZAQTIMES.COM. «Times: “Маша мен аю” мультсериалы путиндік пропаганда» -  «Маша мен аю» мультсериалының басты мақсаты – путиндік көзқарасты дәріптеу. Бұл туралы «Times» басылымы жазды. 

DALANEWS.KZ.  «Марғұлан Сейсембай: “Шетелде тұратын қызымды Қазақстанға қайтара алмай жүрмін”» - Астанада өткен Стратегиялық бастамалар форумында тыңдар құлақ табылса талай тұщымды әңгіме айтылды-ақ.


20 қараша 2018, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.