Атырау, 5 қазан 14:42
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Балабақшаны тонады

1 623 просмотра

Екі атыраулық балабақшада 4 жыл еңбек етіп, 18 миллионнан аса теңгені жымқырған бас есепшіге мүлкі тәркілене отырып,  5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген  үкім шығарылды.

Атырау қаласы прокуро-рының көмекшісі Тұрсынай БУРАБАЕВАНЫҢ хабарла-ғанындай, ақшаның жымқырылуы жалған құжаттардың берілу жолымен жасалғандығы анықталған. Ол жалақы ретінде ақшаны туысқандары мен жұмыстан шығып кеткен қызметкерлердің банктік кәртішкелеріне аударып жіберіп отырған. Тергеу барысында, сондай-ақ, түскен қаржыны заңсыз рәсімдеу мақсатында бас есепшінің пәтер сатып алғандығы анықталды. Ол пәтерді өз туысқанының атына жазған. 

- №2 Атырау қалалық сотының 2012 жылдың 22 мамырындағы үкімімен азаматша К.Э.  ҚР ҚК 176-бабының («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету») 3-ші тармағы («б», «г» тарм.), 314-бабының («қызметтік жалғандық жасау») 1-ші тармағы және 193-бабының («Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын  немесе өзге мүлікті заңдастыру») бабының 1-ші тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жазаны өтеу орны жалпы режимдегі түзету колониясы болып белгіленді. Ол осы лауазымды орында қызметпен айналысу мүмкіндігінен 3 жыл мерзімге айырылды. Бұдан басқа, жымқырылған ақша толық көлемде мемлекет қазынасына өндіріліп алынатын болды, - деп түсінік береді Бурабаева. 

Лаура  СҮЛЕЙМЕНОВА

16 тамыз 2012, 20:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.