AZATTYQ.ORG. «Public Eye зерттеуі: Vitol мен Құлыбаевтың ықтимал байланысы» - Батыс баспасөзі Public Eye зерттеуіне сілтеме жасап, "швейцариялық Vitol мұнай компаниясының Қазақстан президентінің күйеубаласы Тимур Құлыбаевпен байланысы" болуы мүмкін екені туралы жазды. Сонымен бірге шетелдік басылымдар Қазақстанның жасыл энергия саласындағы амбициясы, Нью-Джерсидегі "Қызыл трактор" көрмесі туралы мақалалар жариялаған.
«Қазақстанда тәуелсіз кәсіподақтар құқығы сақталмайды» - Бақылаушылар Қазақстанда жұмысшылар мен тәуелсіз кәсіподақтар құқығы "заңмен де, іс жүзінде де қорғалмаған" деп санайды. Кәсіподақ жетекшісі Дмитрий Синявскийге жасалған қастандықты соның бір дәлелі деп атайды. Үкіметке жақын кәсіподақ өкілі ондай пікірмен келіспейді.
«Қазақстан Қырым резолюциясы жобасына қарсы дауыс берді» - БҰҰ Бас Ассамблеясының Үшінші комитеті Қырымдағы адам құқығының жағдайына қатысты резолюция жобасын қабылдады. Қазақстан жобаға қарсы дауыс берді.
QAMSHY.KZ. «Азаматхан Әміртай: Жалпы біздің түбімізге олигархтар жетеді» - «Көкжайлау жобасы» қажет пе? Экологиялық сананы қайтсек көтереміз? Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық неге тоқтамай тұр? Әділеттілік қайтсе, қалпына келеді.? Осы және тағы басқа мәселелерге қатысты qamshy.kz ақпарат агенттігінің сауалдарына «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының төрағасы Азаматхан Әміртай жауап берді.
365INFO.KZ «Мәскеу бәрін біліп отыратын болады…» - Тайжан қай заңға қарсы шықты. Өткен айда Үкіметте қаржы министрлігі «Тауарларды белгілеу және қадағалау туралы» заң жобасын Мәжіліске ұсынған болатын.
TURKYSTAN.KZ. «Дария Жүсіп: Мені биіктеткен Томирис пен Айша» - М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық драма театры сахналаған қойылымның басты кейіпкерін сомдаған Дария Жүсіппен әңгімелесудің сәті түсті.
DALANEWS.KZ. «Атамбаевтың қолбаласы емеспін» - Қырғыздың қазіргі президенті Сауранбай Жиенбеков пен елдің экс-басшысы Алмазбек Атамбаевтың арасынан ала мысық жүгіріп өткені рас екен.
INFORMBURO.KZ. «Қытайдың құпия лагерлерінің шынайы кеспірі. ВВС тілшісі зерттеуінің ізімен» - Қытайдағы адам құқы мәселесі әлем назарына ілінді. ВВС журналистерінің көлемді зерттеуі жарияланды. Онда не айтылған? Қазақстандағы куәгерлер не дейді?