Атырау, 26 желтоқсан 11:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Аударманың айласы

1 786 просмотра

Бір отбасылық бизнестің оқиғасын бізге Атырау қаласы прокурорының көмекшісі Тұрсынай БУРАБАЕВА әңгімелеп берді.

Таяуда №2 қалалық сот мемлекеттік жобалау бюросының басшысы әлдебір Б. деген азаматтың қылмыстық ісін қарады. Бюро әрқайсысының құны 2 млн теңге болатын «Станция дозаправки вертолётов» және  «Рабочий проект “Нефтебаза”», жобалары бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын жасақтауға тиіс болатын. Алайда, есептесуге келген кезде құжаттардың мемлекеттік тілде орындалуы тиіс екендігі анықталады.

Ұзақ ойланбастан Б. аударма қызметі бойынша өзінің жұбайымен келісім-шартқа отырады. Іс жүзінде аударма үшінші бір тұлғаның қатысуымен орындалады. Б. өз жұбайының қызметіне осылайша екі рет ұсыныс жасаған болады. Алғашқыда аударма жұмысын ол 487 мың теңгеге, екінші рет – қазынаның 475 мың теңгесіне бағаланады. Көріп отырғанымыздай, нақты аудармашыға аз төленгендігі белгілі.

Сот қаулысымен мемлекеттік қызметкер Б. ҚР ҚК-нің 307-бабында («Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану») және 314-баптарында («Қызметтік жалғандық жасау») баптарында қарастырылған қылмысқа кінәлі деп танылды және бірден рақымшылыққа ілікті. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 тамыз 2012, 20:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.