Атырау, 26 желтоқсан 11:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Арбайды - қалтаңда түк қалмайды

5 041 просмотра

Шамасы қазақстандық заң шығарушыларға ҚР ойын бизнесі туралы заңды қайта қарауға тура келетін сияқты. Қоғамдық орындардан ойын автоматтарын шығарып тастау оңай шаруа болған жоқ. Жасырын ойын бизнесін ұйымдастырушылар барлық уақытта заңнамалардан қалай болғанда да айла тауып құтылып кетіп отырады. Оның үстіне  қазіргі заманғы ойын автоматтары бұрынғыға қарағанда ставкаларды қабылдап және ұтыстарды сылдырлаған теңгемен беретіндей жетілді. Жоғары технологиялар бір орында тұрмайды және ойын автоматтарына заңнан тыс екінші ғұмыр сыйлап отыр.

Балықшыдағы дүкендердің бірінде күн ұзағына кісі толастамады. Жасөспірімдер, жігіттер және ересек ерлер қызғылт сары әдеттегі түрлі қызмет ақысын төлеуге арналған терминалдың жанында өз кезектерін күтіп, топырласа қалды. 

Менің көзімше бір жігіт 1 500 теңгені салып, қатуланған күйі терминалдың сенсорлы экранына ұрып қояды. Кезекте тұрғандардың маған түсіндіргеніндей, қолың шығу үшін қарапайым ойын айласы бар: нақты бір картаның түсуі үшін ставка жасау керек. Бір картаның құны – 50-100 теңге. Ойынға ең кіші сома 200 теңгенің көмегімен кіруге болады. Ол әдеттегі купюр қабылдағыш арқылы терминалға салынады.

Кезекте тұрған жігіттермен әңгімелесіп тұрғанымызда, терминалдан ұтысты хабарлайтын салтанатты дыбыс шықты. Ойыншының жолы болды, ол 4 500 теңге ұтты. Ақылды терминал ұтысты сол жерде-ақ береді. Ақшасын алып жүре берудің орнына әлгі жігіт бар ақшасын аппаратқа салып, тағы да көп ақша ұтамын деген үмітпен  ойынды жалғастырады. Бес минут өтер - өтпесте әлгі жігіт терминалдың мониторын өші бардай жұдырығымен ұрып, балағаттап, дүкеннен шығып кетті. Бір таңғаларлығы, көз алдарында қатаң жеңіліске ұшыраған көріністің куәсі болса да кезектің азаятын түрі жоқ. Керісінше – бағын сынауға үміттенгендердің қатары барған сайын көбейіп барады.

Құмар адамдарды өзіне магнитше тартатын  аппараттарды «лотереялық терминалдар» деп атайды. Осы терминалдарды жеткізіп берушілер өздерінің сайттарында сатып алушыларға өз құнын  3-4 айда ақтап шығатындығына және бизнестің кірісі бір жылда  300%-ға дейін болатындығына  уәде етеді. Әрбір терминал иесінің қалауы бойынша өзінің ұтыс пайызына қарай бейімделеді.

«Көпшілігін лотереялық терминалда өз бағын сынау мүмкіндігі тартады. Дегенмен, олардың қатарында үнемі қағаз лотерея сатып алып жүргендер ғана емес, бірден ұтысты алу мүмкіндігі қызықтыратын құмар адамдардың жаңа құрамы да болады», - деп жазады терминал жеткізушілердің өздерінің ресми сайттарында.

Бұл терминалды орнатуға аса бір рұқсат беретін құжаттар талап етілмейді. Салық органына ақшалай лотереяны лезде өткізуге лицензия алса жеткілікті.

Лотериялық терминалдар Атырауда заңды негізде орнатыла бастады. ҚР ойын бизнесі туралы заңының 3-ші бабында айтылғандай, бұл заңның қолдану аясы лотерея өткізу және ұйымдастыруға қолданылмайды. ҚР лотерея және лотереялық қызмет туралы заңда электронды лотереяға нақты анықтама береді: «электронды  лотерея – …оған қатысушы ұтыс нөмірлерін табуға тырысып, терминалдың көмегімен ставка жасайды. Лотереяны таратушыдан қатысушы бір немесе бірнеше лотереялық ставкасы басылған түбіртекті алады». Лотерея билетін сату бойынша терминалдар билетті басып шығаратын, не шығармайтын болып бөлінеді. Лотереялық билеттерді сату барысында бірінші типті терминалмен қатысушыға лотерея аты, нөмірі көрсетілген және жүлде қорының мөлшері мен басқа да мәліметтер жазылған билет  беріледі. Атырауда пайда болған лотереялық құрал-жабдықтар билеттерді баспайды, ал, ұтыс мөлшері лотерея терминалымен автоматты түрде және лезде анықталады. Ойынға қатысушы бұл терминалдан қолына терминалға ақша салғандығы жөнінде фискальды түбіртекті ала алмайды.

- Лотереялық терминал  - әдеттегі ойын автоматы, тек жетілдірілген. Оның сенсорлы экраны бар, қасында  оператордың барын жоққа шығарады. Былайша алып қарағанда, ол қолданыстағы заңды аттап өту мақсаты бар   басқа бір тұздықпен берілген  сол ойын автоматы, -  деп ойымен бөлісті бұрын ойын автоматтарымен айналысқан кәсіпкер. Егер астыртын ойын автоматтарын өндірушілер заңнамадан нақты кедергіні  жеңіп өтсе, онда жақын арада бұрынғы «сыңар қолды тонаушылардың» орнына толығымен заңды лотереялық терминалдар келсе, онда адамдардың қалталары босап, қаланы жаулап алады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

16 тамыз 2012, 20:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.