Атырау, 6 желтоқсан 16:05
 ашықВ Атырау -4
$ 461.05
€ 499.32
₽ 5.03

Телефон терроры

1 727 просмотра

Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 9 тамыз күні түсте ІІД Орталық жедел басқармасының 102 телефон нөміріне белгісіз біреуден  қоңырау келіп түскен. Ол Канцев көшесі, 7-үйде орналасқан «НефтеСтройСервис» ЖШС ғимаратында бомба қойылғанын хабарлаған.

Оқиға орнына келген тергеу-жедел тобы тексеру барысында жарылғыш заттар мен жарылғыш қондырғыларын таппады.

- Қоңырау шалған адамның жеке басын анықтау мақсатында құқыққорғау органдары тергеу-жедел шараларын өткізуде. Тергеу амалдарын жүргізу барысы облыс прокуратурасының  ерекше бақылауына алынды,  – деп комментарий берді баспасөз қызметі.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

16 тамыз 2012, 20:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.