Атырау, 19 желтоқсан 01:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Сөз бостандығы үшін күресу керек», «Алғашқы теңгеге Назарбаев бейнесі қалай түспей қалды?», «Путиннің орнын кім басады?», «Мирзияев дұрыс істеді…», «Батыс елдері Қытай билігімен кездесу жолын іздейді» , «Крутойға сенбе…», «Бұл идея экономикаға қауіпті!»

3 074 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Сөз бостандығы үшін күресу керек» - Колумбия журналисі Азаттық тілшісіне берген сұхбатында Пабло Эскобар сияқты қылмыскерлер елді билеген шақта сөз бостандығы үшін қалай күресуге болатынын, Колумбияда жолдарды салумен үкімет емес, есірткі сататын қылмыстық топтар айналысуының себептерін айтты. Тәжірибелі журналист сонымен бірге Қазақстандағы сөз бостандығына қатысты пікірін айтты.

«Батыс елдері Қытай билігімен кездесу жолын іздейді» - Пекиндегі бір топ батыс дипломаты Шыңжаңдағы жағдайды талқылау үшін Қытай билігімен кездесудің амалдарын іздестіріп жатыр. Шыңжаңдағы мұсылмандардың қуғынға ұшырауына байланысты АҚШ Қытай шенеуніктеріне қарсы заң жобасын әзірлеп жатыр.

«Алғашқы теңгеге Назарбаев бейнесі қалай түспей қалды?» - 1993 жылы қарашаның 15-інде Қазақстан өзінің ұлттық валютасы – теңгені айналымға шығарды. Сол кезде елдің Жоғарғы кеңесін басқарған Серікболсын Әбділдин теңгенің қалай басылғаны жайлы, дизайны қалай дайындалғаны туралы айтып берді.

«Туған елінде қуғындалып, шетелде танылған кәсіподақ басшысы» - Соңғы бір жарым жылда қазақстандық кәсіподақ белсендісі Лариса Харькова қылмыстық қудалаудан көз ашпай келеді. Кәсіподақ жетекшісінің еркіндігі шектеліп, дүние-мүлкі тәркіленді. Оның үстінен сотқа арыз түсті, тіпті көлігін де өртеп кетті.

QAMSHY.KZ. «Гүлжан Ерғалиева: “Нұр Отан – негізгі түбірің ОТАН ғой, онымен қоймай, НҰРсың!”» - Тұғыры биік тәуелсіздігіміздің биыл 27 жылдығы атап өтілмекші. Алматыдағы Есентай Mall жаңа жылды тойлауға дайындықты бастап кетсе де, көкірегі ояу қазақ Тәуелсіздікті тойлауға күн санап жүргені анық. 16 желтоқсанға тура бір ай қалғанын ескере отырып Қамшы редакциясы фейсбукте орыс тілінде жарияланған қоғам белсендісі Гүлжан Ерғалиеваның жазбасын мемлекеттік тілге аударып, талқыға ұсынады.

«Желтоқсандағы қазақ жастарының ерлігі туралы дүниежүзінің саясаткерлері не дейді?» - Санаулы күндерден кейін қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылуы тиіс, қазіргі Қазақстанның тәуелсіз ел болуына түбегейлі себеп болған Желтоқсан «оқиғасы» жақындап келеді.

«Аралға қатысты айқас: Абэ Путинді көндіре ала ма?» - Жапония Кунашир, Шикотан, Итуруп және  Хабомаи аралдарын қайтарып алғысы келеді. Бірақ оны жапон еліне түпкілікті беру туралы ойынан Кремль әлі күнге дейін айныған жоқ.

ABAI.KZ. «Депутаттар неге диктант жазбады?» - Күні кеше ғана бүкілхалықтық диктант өтті, білесіздер.  Латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиі бойынша жалпыхалықтық диктантқа біз де қатыстық. Латын әліпбиімен жазып көрдік. Қатесіз жаздық демейміз. Десе де, жұртпен бірге біз де диктантқа қатыстық.

INFORMBURO.KZ. «Аян Миттра: "Журналистерді халық қаржыландырмаса, үкімет қолшоқпарына айналады"» - The Texas Tribune редакторы Аян Миттра АҚШ-тағы журналистикаға төнген қауіп, Fake News және жаңа журналистиканың міндеттері жайлы әңгімелеп берді.

QAZAQTIMES.COM. «Путиннің орнын кім басады?» - Ресей президенті Владимир Путиннің орнын басуға үш кандидат лайықты. Олардың бірі осы лауазымға ие болу үшін, 2021 жылы премьер-министр болып тағайындалуы тиіс – дейді жапондық «Nihon Keizai Shimbun» басылымы. 

«Қытай әуе күштері АҚШ-пен бәсекелесе бастады» - Жақында Қытай Әуе күштерінің құрылғанына 69 жыл толуына орай Жухай қаласында салтанатты шара өткізілді. Шарада жұрт назарын аударғаны Қытайдың дербес зерттеп жасаған Chengdu J-20 атты ең жаңа соғыс ұшағы ұшу операциясын орындады. Аталған соғыс ұшағы былтыр алғаш рет әскери техникалардың көрмесінде бой көрсеткен. Одан бері де  Chengdu J-20 ұшағы басқарылмалы зымыран ұяшығы және ең жаңа басқарылмалы зымыранмен жабдықталғаны белгілі болды. 

JASQAZAQ.KZ. «Бұл идея экономикаға  қауіпті!» - Өткен айда Үкіметте қаржы министрлігі «Тауарларды белгілеу және қадағалау туралы» заң жобасын Мәжіліске ұсынған болатын. Онда заң аясында Еуразия экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің тауарларын белгілеу және қадағалауды ресейлік компаниялар жүзеге асыратыны жазылған. Осы орайда қоғам белсендісі Мұхтар Тайжаннан «Тауарларды белгілеу және қадағалау туралы» заң жобасына енгізілетін өзгерістер жайлы сұрадық.

ULT.KZ. «Ақышев: Жаңа жүйеге сәйкес нашар банктер мәжбүрлі түрде таратылады» - Алматыда өтіп жатқан қаржыгерлер конгресінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев банктерге қойылатын заманауи талаптарды атады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

365INFO.KZ «Мирзияев дұрыс істеді…» - Назарбаев бұрынғы Өзбекстанның қандай болғанын айтты.

«Крутойға сенбе…» - Димаш Ресейге бекер барды. Қазақ әншілері Кремльде ән айтуға неге құмар? Шынымен, неге солай?


16 қараша 2018, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.