AZATTYQ.ORG. «Теңге және оның ширек ғасырлық жолы» - 1993 жылы қарашаның 15-інде тәуелсіз Қазақстанның төл валютасы – теңге айналымға енгізілді. 25 жылдық тарихында теңге кемінде төрт девальвацияны өткерді. Биылғы жылдың басынан бері де шамамен 13 пайызға арзандады. Ұлттық банктің мәлімдемесіне сенсек, бұған доллардың күшеюі мен Ресей рублінің арзандауы себеп болған. Теңге бағамын болжап білу мүмкіндігі қандай? Ол қандай факторларға тәуелді? Оның түрлі тербелістерге мықтырақ төтеп беретін қауқары бар ма? Бұл сұрақтарға қатысты сарапшылардың пікірі әркелкі.
INFORMBURO.KZ. «2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілерге талаптар өзгереді» - Жаңа жылдан кейін салықты дер кезінде төлемегендер тәуекел деңгейі бойынша санатқа бөлінеді. Бұл ақпаратты қайдан, қалай білуге болады?
«Дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарында тұтынушының қандай құқықтары бар?» - Ресторандар мен супермаркеттерде тұтынушылар таразыдан ұтылып қалуы не сапасыз тауарларға тап болуы мүмкін.
ABAI.KZ. «Банк халықты қашанғы тонайды?» - 1989 жылдары 12 жастағы жүгіріп жүрген ойын баласымыз, үйде «рассвет-307» теледидар болушы еді, ақ қара түсті көрсете тұғын «Спрут-7» комиссар Катане киносында банк қызметкері біреуге хабарласып «Мисте Антинаре ваш банк в банкроте» дегені сол-ақ еді, әлгі кісі жүрегін ұстап өліп кетті. Сонда Кеңес әкемнен сұраймын «Әке банкрот деген не?» деп, «Әлгі кісінің банкіңде мүлдем ақша қалмапты балам» дегені әлі есімде.
TURKYSTAN.KZ. «Бақталас болып алған жұрт» - Ел ішінде, қоғамда келеңсіз бір жағдай болған кезде «ол біздің менталитетке сай емес» деп жатамыз. Бірақ ешкім сол сөздің мәнісіне нақты үңіліп, шешімін айтқан емес. Тек ұлттың дәстүріне, салтына қарама-қайшы келетін ұғым деп қана қарастырамыз. Ал айналып келгенде «менталитет» деген не?
«Ғаламдық соғыс қаупінің астында» - Бұл ғасыр шежірешілері киіз кітапқа жазатын терминдердің ішінде соғыс түсінігіне қатысты сан салалы атауларды тізіп шығудың өзі біраз шаруа болар. Тіпті, екі бірдей дүниежүзілік соғысты тудырған дәуірдің өзі дәл осы ғасырмен тайталаса алмас.
ULT.KZ. «”Нұрлы жолға” бөлінген қаражаттың 48 млрд теңгесіне «қол салғандар» жазаланды» - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
JASQAZAQ.KZ. «Полиция: Реформа киім ауыстырудан басталады» - ДӨП пікірсайыс клубының бүгінгі тақырыбы – полиция қызметіндегі реформа. Бұл жаңалық қарапайым жұртқа не береді, полицияға деген халық сенімін арттыра ма? Мәжіліс депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Анар Жайылғановамен журналист Дәулетхан Қыдырбайұлы осы мәселелер жөнінде сұхбаттасты.
AIKYN.KZ. «Шыңыраудан шыққан шер» - «Арнайы баратын делегацияның құрамын тізімдеді. Нұрлан Оразалин өзі басқарып барады. Қонаға Қордай күтіп алмақ. – Астанадан баратындарға Премьер мырза өз ұшағын беріп отыр. Бастап баратын Мемлекеттік хатшы, – деді Шерағаң».
QAZAQTIMES.COM. «Chengdu J-20: Қытай әуе күштері АҚШ-пен бәсекелесе бастады» - Жақында Қытай Әуе күштерінің құрылғанына 69 жыл толуына орай Жухай қаласында салтанатты шара өткізілді. Шарада жұрт назарын аударғаны Қытайдың дербес зерттеп жасаған Chengdu J-20 атты ең жаңа соғыс ұшағы ұшу операциясын орындады. Аталған соғыс ұшағы былтыр алғаш рет әскери техникалардың көрмесінде бой көрсеткен. Одан бері де Chengdu J-20 ұшағы басқарылмалы зымыран ұяшығы және ең жаңа басқарылмалы зымыранмен жабдықталғаны белгілі болды.
TENGRINEWS.KZ. «Ескі ақшамен байып кетуге болатынын білесіз бе?» - Қолыңызға алған банкноталарды қаншалықты мұқият қарайсыз? Сирек жағдайларда ғана шығар. Ол қағаз жай ғана купюра емес, нумизматтар (ескі ақшаларды жинаушы) бүкіл байлығын беруге дайын құнды әрі сирек купюра болуы да мүмкін.