Атырау, 28 қараша 23:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жолдан тайғандарды жөнге салды

1 955 просмотра

10 тамызда Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты ұйымдасқан қылмыстық топтағы Атырау қаласының тоғыз тұрғынына үкім шығарды. Топ мүшелерінің дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылар екендігі дәлелденіп отыр.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 2011 жылдың 11 желтоқсанында топ мүшелері бір жыл бұрын ортадан шығып қалған өздерінің бұрынғы серіктестерінің бірімен келісе алмаған. Қылмыскерлер «сатқынды» далалыққа алып шыққан да, сол жерде оны аяусыз соққыға жығып, бірнеше жерінен пышақ салған. Осыдан кейін оны сол жерге тастап кеткен. Алайда, өлім аузында жатқан жігіт қайтсе де өзіне күш жинап, Еркінқала ауылындағы шеткі үйге дейін жер бауырлап жеткен. Жедел жәрдем дәрігерлері  оған медициналық көмек көрсетіп, полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады.

Топтың дәл немен айналыс-қанын, сондай-ақ, жәбірленушіге көрсеткен қатал зәбірі туралы өзге де жайттар айтылмай отыр.

Ал сотқа келсек, Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Айгүл ХАЖЕНОВАНЫҢ айтуынша, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне 5 жылдан 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. Ұйымдасқан қылмыстық топтың ең көп жаза мерзімі ұйымдастырушы әрі жетекшісіне – 10 жыл берілді. Сотталғандар жазаны жалпы режимдік колонияда өтейді. 

Банданың мүшелеріне ҚР ҚК 103-бабында «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» және 235-бабында «Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу» көрсетілген қылмыстар бойынша үкім шығарылды.

Прокуратура істің жай-жапсары жөнінде және топтың немен айналысқаны жайлы ақпарат беруден тартынып отыр. 

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Анастасия ПАСТУХОВА

16 тамыз 2012, 20:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.